ТОҒЫЗЫНШЫ ХАДИС

САБЫРЛЫ БОЛ!

إِنَّمَا الصَّبْرُ عِنْدَ الصَّدْمَةِ اْلأُولَى

(Иннамас сабру ‘индәс садмәтиль ууля)

Хадистің аудармасы:  Расында нағыз сабыр ету –  алғашқы соққыда

(Бұхари, Муслим хадистер жинағы)

Түсіндірмесі: Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген жетістікке қол жеткізудің сырлы кілті. Кез келген істе сабырлық қажет. Ол құлшылық болсын, білім алу болсын. Бұл өмірде үлкенді-кішілі қиыншылық¬қа ұшырап, басына іс түспеген адамды табу қиын. Міне, осындай сәттерде кейбір мұсыл¬ман бауырларымыздың тағдырға қарсы шықпаса да сабырсыздық танытып, қате¬лікке ұрынуы – қайғы үстіне қайғы жа¬майды. Қайсыбір пенделер ауыртпалыққа түсіністікпен қарсы тұрудың орнына: «Ей, Алла, мен саған не жаздым…» деп Жарату¬шының үстінен шағым айтып, тіл тигізіп жататындығын да көріп, біліп жүрміз. Алайда, мұның белгілі бір дәрежедегі Алла тағаланың сынағы екенін ұғына бермейміз.

Әрбір сәтсіздікті Ұлы Жаратушының сынағы деп қабылдап, оған сабырмен, төзіммен қарауымыз керек. Қиындықтар кездессе оған сабыр ету  – болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдауымыз қажет. Қазақтың «Әрбір істің қайыры бар» деген сөздері осындайда еріксіз еске түседі.

Return to Top ▲Return to Top ▲