ОБЛЫС ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде Солтүстік Қазақстан облысының қала және аудан имамдарына арналған «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тілеубердиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуалиев қатысып, имамдардың кәсіби біліктілігі мен тұлғалық қасиеттерін жетілдіруге бағытталған маңызды мәселелерді ортаға салды.

Семинар барысында имамның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнату, діни сауаттылықты арттыру, уағыз жүргізу мәдениеті және заманауи қоғам талаптарына сай қызмет ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тәжірибе алмасты. Семинар имамдардың кәсіби және тұлғалық дамуына, діни қызметтің сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

Return to Top ▲Return to Top ▲