«ЗЕРДЕ» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Зерде» оқырмандар клубының төртінші кездесуі жоғары деңгейде өтті.

Кездесу барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Исабековтің «Тіршілік» повесі кеңінен талқыланды. Шығармада суреттелген қыз баланың тағдыры, жетімнің мұңы, өмірдің түрлі сынақтары мен тіршілік үшін күресі жайлы терең ойлар ортаға салынды.

Оқырмандар кітап бойынша өз пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасалып, мазмұнға қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Кездесу аясында танымдық ойындар өткізіліп, қатысушылардың белсенділігі арта түсті.

Шара соңында белсенділік танытқан оқырмандар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ келесі кездесудің мерзімі нақтыланып, бірлесіп оқылатын жаңа кітап таңдалды.

Мұндай рухани-танымдық кездесулер кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, оқырмандар арасында ой бөлісу мен пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Return to Top ▲Return to Top ▲