МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ «MUSTAFA» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ҰСТАЗ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мамлют аудандық «Mustafa» мешітіне жаңа ұстаз болып Шерзадбек Тұрдиев тағайындалды.

Шерзадбек Тұрдиев – «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Діни білім мен тәжірибені ұштастырған жас маман алдағы уақытта мешіттің діни-ағарту, уағыз-насихат және рухани тәрбие бағытындағы жұмыстарын жүргізіп, жамағатпен тығыз байланыста қызмет атқаратын болады.

Жаңа ұстаздың негізгі міндеттерінің қатарында тұрғындарға діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастардың рухани тәрбиесіне үлес қосу және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау бар.

Мамлют аудандық «Mustafa» мешіті ұжымы Шерзадбек Тұрдиевке жауапты қызметіне табыс тілеп, алдағы еңбегі ел игілігі мен жамағаттың рухани дамуына қызмет етеді деген сенім білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲