ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ТАРАТЫЛДЫ

Облыс орталығында Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалуға арнайы орын белгіленді. Қасиетті мейрам күндері өңір тұрғындары белгіленген орында құрбан шалып, сауапты іске үлес қосты.

Игі шара барысында облыс имамдары мен «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері онлайн түрде тапсырыс берген азаматтардың құрбандық еттерін арнайы пакеттерге бөліп, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға таратты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық шарасының басты мақсаты – Құрбан айттың рухани мәнін дәріптеп, қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайту.

Айта кетейік, мұндай игі бастамалар өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Тұрғындар да қайырымдылық шарасына белсенді қатысып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.

Return to Top ▲Return to Top ▲