ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МӘСКЕУДЕ РЕСЕЙ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мәскеу қаласындағы Орталық мешітте Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Кездесуде тараптар ертең Мәскеу қаласында өтетін Халықаралық мұсылман форумында көтерілетін өзекті мәселелер, атап айтқанда, әлемдік бейбітшілік пен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде дін лидерлерінінің рөлі сөз болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанда әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің діни пікір алмасу алаңындағы орны мен рөлін айрықша атап өтті. Сонымен қатар ертең Мәскеу Орталық мешітінде өтетін Халықаралық мұсылман форумының жұмысына сәттілік тіледі.

Равиль Гайнутдин халықаралық іс-шараға қатысуға ниет білдірген Наурызбай қажы Тағанұлына алғысын жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І Халықаралық Құран жарысы жайлы жылы пікірін айтты. Басқосуда екі ел мүфтилері өзара ынтымақтастықты арттыруға келісті.

muftyat.kz

МЕЙІРІМДІЛІК КӨРКЕМ СИПАТ

  Барлық жаратылысты Алла тағала мейірімділікке негіздеп жаратқан. Алла тағала өз мейірімділігінен жаратқандарына да жүзден бір үлесін жер бетіне түсірген. Адам баласына да, аң құстарға да өз балаларына мейірімділік танытуы соның көрінісі. Осынау барлық жаратқандарына ризықтарына кепіл болып, ризық беруі де Алла тағаланың мейірімі деп білеміз. Қара жерден түрлі дақылдарды өсіріп шығаруы, ақылды адамға жетерлік дәлел емес пе!? Жер бетіндегі барлық нәрсе адамзат игілігіне арналған. Жер бетінде Алланың мейірімі болмаса, бір сәтте өмір сүру мүмкін болмас еді. Осы Алланың құдіретімен жаратылған әлемді көріп, ақылды адам қайран қалып, Алланы таниды, оның мейірімділігінің шексіз екенін аңғарады. Аллаға мадақтар, сансыз шүкірлер айтып, Алланың жаратқандарына мейіріммен қарайды. Алла тағаланың адамзат баласына соңғы түсірген Құрани каримде көптеген ғибратты насихаттар, әмірлер мен тиымдар, көркем қиссаларға толы. Алла тағаланың көркем сипаттарын да Құраннан табамыз.

 وَلِلّهِ الأَسْمَاء الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا [1]

Сол көркем есімдерінің ішінде «Ар Рахман, Ар рахиим», мағыналары рақымды, мейірімді дегенді білдіреді. Бір жақсы істі бастағанда сүннет бойынша тасмия айту, яғни «Бисмилләәһир рохманир рохиим» деу, сауапты, әрі ісінің нәтижесі берекелі, сәтті болатынын хадистерден білеміз. Әлқисса, «бисмиллә» айтып жүрудің қасиеті туралы былай дейді: «Бір әйел адам не істесе де «бисмиллә» деп айтуды әдетке айналдырған екен. Күйеуі әйелінің бұл әдетіне сына түсірейін деп, бір алтын тола қалташықты сақтауға береді. Әйелі алтынды «бисмиллә» деп, бір жерге жасырады. Күйеуі ол жерді тауып алып, алтынды орман ішінде бір ескі құдыққа тастап жіберген  екен. Уақыты келгенде, күйеуі алтындарым қайда, бері әкел деп, ішінен «қап бәләм» деп, енді сенің «бисмилләң» көмектесе ме көрейін, деп қарап тұрады. Әйелі ойында еш нәрсе жоқ, жасырған жеріне барып, «бисмиллә» деп алтынды алып шығады. Алла тағала «бисмиллә» айтып жүргендігі үшін алтынды құдықтан шығартып, орнына қойған екен». Бұл әлемді жаратушы Иеміз мейіріммен жаратқан. Алла Тағала ешбір жаратқандарына зұлымдық қылмауы да, мейірімділік емес пе!? Құранда Жаратушы Иеміз: 

     وَلَا يَظْلِمُ رَبُّكَ أَحَدًا [2]

«Сенің Раббың ешкімге зұлымдық қылмайды» деген аяттардан Алла Тағаланың шексіз мейірім иесі екенін білеміз. Алайда адамдар өздеріне зұлымдық қылады деп, басқа құран аяттарында оқимыз. Соңғы пайғамбар Мухаммед (соллаллоһу алайһи  уа саллам) әлемдерге рахмет қылып жіберілгені құранда айтылған:

  وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ [3]

«Сені Мухаммед (соллаллоһу алайһи уа саллам) әлемдерге рахмет қылып жібердік» деген. Жалпы Мейірімді, Рақымды Жаратушы иеміз Алла Тағала мұсылман болсын, кәпір болсын барлықтарына ризықтарын беріп, белгілі бір уақытқа дейін мұрсат беріп, жер бетінде тіршілік етулеріне мүмкіншілік жасауда. Барлық жаратылысты Алла Тағала фитраттың үстінде жаратқан, яғни таза, пәк, күнәсіз, саф қылып дүниеге келтірген.

Ал кейбір пенделер ақылын дұрыс істетпей, дұшпанның азғыруына алданып, нәпсінің жетегінде кетіп адасуға түсіп, Құдайға қарсы шығып кәпірге айналады.  Құранда:

  وَمَا كَانَ اللّهُ لِيُضِيعَ إِيمَانَكُمْ إِنَّ اللّهَ بِالنَّاسِ لَرَؤُوفٌ رَّحِيمٌ [4]

«Алла Тағала имандарыңды жоймайды. Еш күмәнсіз Алла Тағала адам баласына тым жұмсақ, аса мейірімді».

 Пайғамбарымыздың (соллаллоһу алайһи  уа саллам) заманыңда кәпірлермен соғыс болып, ұрыста жеңіске жетеді. Сол уақытта бір ана жоғалтып алған баласын іздеп, шырылдап жүргенін көреді. Біраз уақыттан кейін табылған баласын құшақтап, қуанғаннан жылап, аймалаған анасын көрген Пайғамбарымыз (соллаллоһу алайһи  уа саллам) :

الله ارحم بعباده من هذه بولدها[5]

«Алланың атымен ант етейін, Алланың құлына деген мейір шапағаты бір ананың баласына деген мейірімділігінен сан есе артық» деген. Барлық жанды жаратылыстың өзінің ұрпағына деген мейірімділігі болады. Құранда:

  إِنَّ رَحْمَتَ اللّهِ قَرِيبٌ مِّنَ الْمُحْسِنِينَ[6] 

  «Әлбетте Алланың рақметі жақсылық қылушыларға жақын» деген. Бұл жерде арабша «мухсин» деген термин қолданылып тұр. Бұл көркем сипат ішіне көптеген жақсы қасиеттерді алады. Атап айтсақ, кешірімділік, сабырлық, мейірімділік, сыпайылық, ашуын жеңу сияқты көркем сипаттар. Әл қисса, бір адамның жалғыз баласын, үйіндегі қызметшісі байқамай, баланың үстіне ыстық сорпа төгіп алып, бала мерт болады. Ойлаңыздаршы, қандай қайғылы жағдай, кінәлі қызметшісі, күң әйел. Жалғыз баласынан айырылған әке ашуға берілгенде, қызметшісі құрандағы: «Алла  тағала ашуларын жеңгендерді, адамдарды кешіргендерді, жақсылық жасағандарды (мухсиндарды) жақсы көреді» деген аятты оқи жөнеледі. Қайғы жұтқан әке Алланың сөзіне тоқтап, әлгі күң әйелді кешіріп, азаттық берген екен.

و رحمتي وسعت كل شيء

«Алла тағаланың рақметі барлық нәрсені ішіне алады» деген хадис құдсиді айтылады. Тек сол Алланың кең рахметінен бас тартпау керек. Құранда, хадистерде жолдарын көрсетіп қойған, сол жолдармен Алланың рахметіне қарай жүруіміз ләзім. Хадисте келеді, бір күнәкәр шөл даламен келе жатады. Өмір мен өлімнің арасында арпалысып, қиын жағдайда болады. Сөйткенде жолда құдыққа кезігеді. Қараса түбінде су бар. Ішіне түсіп, шөлін қандырып, сыртқа шықса, бір ит шөлден ылғал жерді қауып, қиналып тұрғанын көреді. Мейірімі оянып, құдыққа сол ит үшін қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып, итке су алып шығады. Осы ісіне риза болған Алла тағала ол адамның күнәләрін кешіріп, жаннатқа кіргізгені айтылады.

ارحموا من في ا لارض يرحمكم من في السماء[7]

«Жердегілерге мейірімді болыңдар, сонда аспандағылар да сендерге мейірімді болады» деген. Ал енді бір адам мысығын қамап, аштан өлтіргендіктен, отқа лайық болғанын хадистерден көреміз. Қоршаған ортаны аялау да мейірімділіктің бір көрінісі. Омар (розиаллоһу анһу) халифалық құрған заманында бір діні басқа қарт кісінің қайыр сұрап тұрғаның көріп, хал жағдайын сұрап, бұл әрекетке не түрткі болғанын сұрайды. Сонда ол қарт адам денсаулығының жоқтығын, салықтың көптігін айтып, шағымданған екен. Омар (розиаллоһу анһу): Бұл адам жастық уақытында қоғамға қызмет жасады, енді осындай күйде қалдыру дұрыс болмайды деп, қазынадан зейнетақы тағайындаған. Қазіргі уақытқа дейін сол үрдіс жалғасып, ата әжелеріміз зейнетақы алып отыр. Бұл адамдардың бір біріне деген мейірімі.

Абай атамыз өлеңдеріңде бес асыл іс туралы жырлайды:

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көңсеңіз,-  деген өлең шумағында рақымдылық туралы өсиет айтуда.

Мейірімділік жақсылыққа бастайды,

Мейірімді адам Аллаға, адамдарға жақын болады.

Мейірімділік әлемді құтқарады,

Мейірімділік көркем мінездің айнасы,

Мейірімді болсаң, мейірімділік көресің,

Алла мейірімділерді жақсы көреді.

Абылай Құрмашұлы

Мухсин мешітінің бас имамы


 

Лудомания – одна из проблем века, которая в последнее время стала мировой тенденцией и распространяется как опасный вирус. Эта эпидемия представляет собой весьма распространенный вид зависимости, характеризующийся патологической склонностью к азартным играм. Игрок достигает точки, когда он не может прекратить играть, независимо от окружающих факторов и жизненных событий. 

Ежегодно болезнь уничтожает тысячи семей во всех регионах Казахстана, заставляя людей брать на себя бесконечные долги. Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелулы Токаев на V заседании Национального совета общественного доверия широко предупредил об этой эпидемии и дал конкретные поручения исполнительной власти.

«Социальные болезни вредят здоровью следующего поколения. Пристрастие к курению, алкоголю и наркотикам – широко распространенные вредные привычки. Кроме того, в последнее время среди молодежи растет лудомания, то есть пристрастие к азартным играм. От этой проблемы страдают не только сами игроки, но и их семьи, родственники и друзья. Благодаря современным технологиям наша молодежь легко пристрастилась к азартным играм».

По данным ряда зарубежных научных исследований, распространенность лудомании в мире оценивается примерно в 3% взрослого населения мира, регулярно играют около 12,5%.В Казахстане количество людей, признающих проблемы с игровой зависимостью связано около 36 000 человек.

Очевидно, что наша благородная религия не одобряет азартные игры. В аяте Корана упоминается слово «майсир», которое имеет то же значение, что и слово «похоть». О запрете азартных игр в исламе говорится в аятах 90-91 суры «Маида» Священного Корана: «О те, которые уверовали! Воистину, опьяняющие напитки, азартные игры, каменные идолы и гадальные стрелы являются скверной из деяний шайтана. Сторонитесь же этого, – быть может, вы преуспеете. Воистину, шайтан при помощи опьяняющих напитков и азартных игр хочет посеять между вами вражду и ненависть и отвратить вас от поминания Аллаха и молитвы. Неужели вы не прекратите?!» (Сура ал-Маида 90-91).

Поэтому среди самых больших грехов в аяте, наряду с приобщением сотоварищей Богу, упоминаются также распитие спиртных напитков, опьяняющие напитки, азартные игры. Поэтому азартные игры являются одним из тяжких грехов, которые лишают человека сознания и человеческих качеств и ведут его на ложный путь дьявола. Поэтому лучше держаться подальше от подобной незаконной деятельности, много работать и зарабатывать деньги честным путем.

Также наш Пророк (мир ему и благословение) сказал: «Тот, кто играет в нарды, ослушался Аллаха и Его Посланника», а также: «Тот, кто играет в нарды, будто бы опускает руки в свинину». Читая эти аяты и хадисы, и видя, к какой пагубности в последнее время приводят человека эти запретные действия, нам остается только лишь удивляться тому, как религия, ниспосланная более 1400 лет назад, решает и сегодняшние проблемы.

В этом и заключается универсальность Корана, который является уникальным и всеобъемлющим руководством для человечества. Психологи пришли к выводу, что лучший способ предотвратить азартные игры — избегать их. Сподвижники Пророка (мир ему и благословение Аллаха) и их последователи, которые лучше всех понимали Коран и хадисы, утверждают, что любая форма азартных игр на деньги или другой интерес запрещена. Азартные игры отвлекают человека не только от религии, но и от работы. Возбуждённый человек готов на всё: убийство, грабеж, поджог, кражу.

Он не остановится, пока все его богатство не исчезнет. Корень слова «Майсир» — «юсру» — «легкость». Поскольку посредством этих игр можно легко узнать состояние другого человека, в Коране они называются майсир. Поэтому любые игры, пропагандируют ли они безнравственность, насилие и жестокость или содержат элементы азарта и выигрыша денег, лото, лотерея, карты, нарды, казино, игровые автоматы, компьютерные игры – все это азартные игры, запрещенные Кораном.

В хадисе, цитируемом имамом Ахмадом, сказано: «Воистину, Всевышний Аллах запретил вещи, отравляющие человеческий разум, и азартные игры». Имам аль-Куртуби также считал азартные игры харамом в толковании аята «Не используйте свое богатство незаконным образом». Все богословы единогласны в том, что запрещены все игры, связанные с денежными и другими ставками. Игровая зависимость – это разновидность психического заболевания. Существует множество видов игрового бизнеса, таких как карты, ставки, лотереи, казино.

В хадисе, приведенном имамом Ахмадом, говорится: «Поистине, Всевышний запретил все одурманивающее разум и азартные игры».

Всевышний накажет и тех, кто пойдет играть на деньги в те заведения, хоть и не в равной степени с хозяевами этих заведений. С них тоже потребуют отчет за все деньги, которые они истратили там, за горечь и печаль жены и детей. Они тоже являются теми же хищниками, облачившимися в маски людей и алчущими чужого добра. Именно желание обладать чужим состоянием и легко, без каких-либо усилий разбогатеть, и приводит их в казино и игровые залы. Даже если бы хозяевами и посетителями этих казино были только люди, не верующие во Всевышнего, желающие получить кажущиеся удовольствия этого мира и не размышляющие о Вечном мире, то и тогда стоило бы удивляться, ибо разумный человек на это не пойдет, так как это явное зло, преступление против самого человечества. Если люди, видя, как открываются игровые дома и сколько народу посещает их, будут молчать, имея возможность воспрепятствовать им, то их грех тоже будет равен греху тех людей. Если же после разъяснений ученыхбогословов власть имущие не предпримут какиенибудь меры по их закрытию, то и они будут равны в грехе, как и хозяева этих заведений, и в Судный день с них Всевышний потребует ответа за нынешнее молчание. Да убережет Аллах всех мусульман от увлечения этими деяниями и да поможет следовать Его истинному пути.

Нурлан КАЙРБЕКОВ,

Заведующий отдела Религиозной

экспертизы ДУМК

Газета «Мұнара», №18, 2023 год 

БЕСІНШІ ХАДИС

ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ ҮЗУ

لا يَدْخُلُ الجَنَّةَ قَاطِعٌ

(Лә йәдхулуль жәннәтә қааты’)

Хадистің аудармасы: (Туыстық) байланысты үзуші жәннатқа кірмейді

(Бұхари хадистер жинағы)

Түсіндірмесі:Алла Тағаланың осы дүниеде адам баласына берген сыйлықтарының бірі – бұл ағайын-туыстары. Жылағанда жұбататын, қиналғанда арқа сүйерің, қуанғанда қуанышыңды бөлісетін, өкпелесек назыңды көтеріп қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз  ғана. Ағайын-туыстық ақысын ойлайтын адам, әсіресе қиналған уақыттарында олардың қасынан бірінші болып табылуға тырысуы қажет. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» делінген аталы сөзден осыны түсінеміз. Туыс адам үшін жұмсалған қаражат шығын емес, қияметтік сауап саналады. Асыл дінімізде ағайын-туысқа жасалған жәрдемде екі садақаның сауабы бар. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Тирмизи хадистер жинағында келген хадисінде: «Кедейге садақа беру – садақа, ал туысқанға көмектесу болса екі сауап. (Бірі) садақаның, (ал екіншісі)  туысқандық қарым-қатынасты сақтаудың (сауабы)», – деген. Сондықтан бауырым туыстық қатынастың үзілуіне емес, жалғануына себеп бол!

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ КЕНШІЛЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Сәтбаев қаласы маңындағы Анненский кенішінің шахтасына түсіп, кеншілермен кездесіп, насихат айтты.

«Ислам діні мұсылман баласын адал еңбек етіп, отбасын асырауға бұйырған. Еңбек еткен адам сауап алумен қатар қоғамда сый-құрметке бөленеді, сонымен қатар мұқтаж жандарға жәрдем беретін дәрежеге жетеді. Мұндайда қазақ халқы «Еңбегімен ер сыйлы» демей ме? Сіздер отбасы мен ел игілігі үшін еңбек етудің нағыз үлгісін көрсетіп келе жатқан жансыздар. Сіздер өз жанұяларыңыздың нәпақасын тауып қана қоймай, еліміздің экономикалық дамуына ерекше үлес қосып келесіздер. Алла Тағала жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін» деді.

Кездесуден кейін қасиетті Құран аяттары оқылып, Бас мүфти ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

muftyat.kz

СОПЫЛЫҚ ЖОЛ

Сопылық немесе суфизм мәселесі – қазіргі кездегі қоғамда қызу талқыға салынып, нақты бір шешімге келмеген мәселелердің бірі. Бірі сопылық жол ешбір кемшіліксіз ақиқат жолы, оны әрбір адам ұстану қажет десе, енді бір топтар сопыларды көрсе, діндегі адасқан ағымды көргендей тітіркене қарайды, тағы бір топ сопылықты Құран, сүннетке сәйкес адасқан сопылық ретінде қарастырады….

Сопылық исламдағы үш негіздің (ислам, иман, ихсан) бірі –  ихсанның амалға асуын реттейтін жүйе. Фиқһ шариғат ілімін қамтыса, ақида иман негіздерін жүйеге келтіреді, сопылық болса иманның ихсан дәрежесіне жетелейтін тәрбие мектебі.  Оның негізгі қағидасы:

أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ

Алла тағалаға Ол көріп тұрғандай құлшылық жасау, сен Оны көрмесең де Ол сені көруде[1]. Қарапайым құлдың Алла тағаланы тануы үшін оның разылығына бөленуге апаратын хидаят жолы. Тасаууф[2] ілімін басқаша тазару ілімі, мінез-құлық ілімі деп те атайды.

Сопылық немесе тасаууфты тілдік жағынан талдайтын болсақ, ғалымдар арасында көптеген пікірлер, ұстанымдар бар, олардың ең көп тарағаны:

– Cуфа «الصُّوفة» өздерін құлшылыққа арнаған адамдар[3] кейбір деректерде қағба жанында қажыларға қызмет көрсететін адамдарға айтылған.

– Cифа «الصِّفَة» яғни тасаууф дегеніміз көркем мінез-құлықтармен сипатталу, жаман мінез атаулыдан қашық болу.

– Суффа «الصُّفَّة» Бұл атау пайғамбарымыздың (с.а.у) дәуіріндегі пайғамбар мешітін мекендеген үй-күйі жоқ пақыр кедейлерге қатысты айтылады. Олар пайғамбарымыз (с.а.у) бөлген садақамен өмір сүрген мұсылмандар.

– Саф «الصَّف» Олар өздерін әр кез барлық жақсы амалдарда алғашқылардан, яғни бірінші саптан болуға шақырады.

– Суф  «الصُّوف» яғни жүн деген мағынаны білдіреді.

– Сафаа «الصَّفَاءُ», яғни тазалық, пәктік деген мағыналарды білдіреді.

            Бұл сөздердің ішінде тілдік құрылымға сәйкес ең жақын варианты «суф»,  «الصُّوف» сөзі, өйткені ежелгі уақытта жүннен тоқылған киімдер тақуалықтың, қарапайымдылықтың белгісі ретінде саналып келген. Кей деректерде алғашқы сопылардың киімі жүннен тоқылғаны келтіріледі.

            Шариғаттағы мағынасында бірнеше анықтамаларға тоқталғанды жөн көрдік.

            Зәкәрия әл-Әнсари: Тасаууф – ол мәңгілік бақытқа жету үшін мінез-құлық пен нәпсіні тазартатын, адамды іштей сырттай өсіретін ілімге қатысты айтылады.[4]

            Шейх Ахмад Заруқ: Жүректерді тек Аллаға ғана бағындыратын ілімді мақсат етеміз.[5]

            Доктор Мухаммад Жамил Ғази: Тасаууф сөзінің ескі грек тіліндегі «сафия» сөзінен енген деген пікірді ұстанды. Сафия хикмет деген мағынаны білдіреді.[6]

            Жүнейд: Тасаууф дегеніміз – бүкіл жақсы мінез атаулыны іске қосып, жаман мінездерді тастау.[7]

            Әбу әл-Хасан әш-Шәзили: Тасаууф нәпсіні құлшылыққа тәрбиелеу, Алланың үкімдерін іске асыру.[8]

            Ибн Ажиба: Тасаууф – Алла алдындағы есеп үшін жасалатын амалдарға тәрбиелейді және ішкі дүниені барлық жаман мінездерден тазартып, орнына жақсы мінездерді толықтырады. Бұған жету жолы: бірінші – ілім, екінші –амал, үшінші – дарын.[9]

            Сопылық жол ислам әлемінде алғашқы ғасырлардан бастап, жеке адамдардың Аллаға құлшылық әрекеттерінен басталды. Уақыт өте бұл бір жүйеге келіп, үлкен сопылық жолдарға айналды, соның нәтижесінде сопылық мектептер пайда болды.

Осы жолды ұстанған исламның атақты ғалымдарын мысалға келтірсек: алғашқылары атақты табиғин Хасан әл-Басри, Шамсу әт-Табризи, Жәләлуддин әр-Руми, Имам Науауи, әл-Ғазали, т.б сондай-ақ әскер басшылардың ішінде Салахуддин  әл-Аюби, Мухаммад әл-Фатих, Омар әл-Мухтар, Иззуддин әл-Қассам осы жолды ұстанған.

            Тасаууфтың негізі:

Тасаууфтың негізі адамның құлшылық ғибадат арқылы барлық күнә әрекеттерден алыстау, өзінің нәпсісін тәрбиелеу арқылы рухани тұрғыда көтерілуді айтады. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у) және сахабалардың дәуіріне қайтады. Кейбір зерттеушілер тасаууфтың негізі буддизм, христиан дінінен бастау алады деген пікірді ұстанады. Дегенмен мұсылман сопылары исламдағы сопылықтың басқа дінмен ешқандай байланысы жоқ екеніне бірауыздан келіскен.[10]

            Сопылық сөзінің пайда болуы

            Әл-Қушайридің айтуы бойынша мұсылмандар пайғамбарымыздың (с.а.у) уақытында өзара атақ- абыройда бөлінбей тек пайғамбардың (с.а.у) сахабалары деген ұлы атауға ие болған. Одан кейінгі табиғин[11] және атбағут[12] табиғиндердің дәуірінде адамдарды «зуһад» яғни тақуалар «ъуббад» (көп құлшылық жасаушылар) деп атаған.[13]

            Мухаммад Садиқ әл-Ғамаари сопылардың алғашқылары Мысырдағы Александрия қаласында өздерін сопылар деп атаған топтардан бастау алғанын айтады. Басқа бір деректе Масғуди «Mируаж әз-заһаб» кітабында келген риуаят бойынша Аббасситтердің атақты халифаларының бірі Мамунның кезінде қарауылы Әли ибн Салих әл-Хаджиб оның құзіретіне кіріп: «Ей мұсылмандардың әміршісі есік сыртында аппақ киімді бір адам тұр, сізге кіруді  қалайды, (Халифа бұл сөзінен оның сопы екенін байқады)[14] делінген.

            Сопылықтың ғылым ретінде пайда болуы

            Сахабалар, табиғиндердің дәуірінен кейін ислам дініне көптеген ұлттардың кіруінің нәтижесінде жаңа ғылым түрлері оған дейін белгілі болмаған ілімдер фиқһ, таухид, хадис, тафсир, мантық, мирас, пайда болып, бұл ілімдерге ерекше көңіл бөлінді. Адамдар құлшылықтан, тақуалықтан ауытқи бастады. Адамдарды рухани тұрғыда тәрбиелейтін бір жүйе, тәртіп қажет болды. Сол себепті оған дейінгі тасаууф ілім ретінде жазылып, тасаууф мектептерінің пайда болуына апарды.[15]

            Алғашқы тасаууф ғылымында жазылған кітаптар:

  • Әл-Харис әл-Мухасибидің (243 жылы һижра бойынша қайтыс болған) «Буд у мән әнәәбә илә Алла», «Әдәәбу ән-нуфус», «Рисәләту әт-тауаһһум» кітабтары.
  • Әбу Сағид әл-Харраздың (277 жылы һижра бойынша қайтыс болған) «Aт-тариқ иләә Алла» кітабы.
  • Әбу Абдурахман әс-Салмидің (325 жылы һижра бойынша қайтыс болған) «Әдәәбу ас-Суфия» кітабы.
  • Әбу Насыр Абдулла ибн Әли әс-Сирадж әт-Тусидің (378 жылы һижра бойынша қайтыс болған) «Әл-лимағ фи әт-тасаууф» кітабы.
  • Әбу Бакір әл-Килаабазидің (380 жылы һижра бойынша қайтыс болған) «Әт-тағарруф әләә мазһаби әһлу әт-тасаууф» кітабы.
  • Әбу Талиб әл-Мәккидің (386 жылы һижра бойынша қайтыс болған) «Қуту әл-қулуб фи муғамалати әл-әлмахбуб» кітабы.
  • Әбу Қасым әл-Қушайрдің (465 жылы һижра бойынша қайтыс болған)  «Әр-Рисалату әл-Қушайрия» кітібы.[16]
  • Әбу Хамид әл-Ғазалидің «(505 жылы һижра бойынша қайтыс болған) «Ихия улуму әд-дин», «әл-Арбағина фи усул әд-дин», т.б.

             Бұл ғалымдардың еңбектері сопылық жолға ауқымды деңгейде өз үлесін қосып, сілкініс бергенімен, жаңа сатыға Имам Ғазали және оның кітабы «Ихия улуму әд-дин» көтерді. Бұл кітаптың ерекшелігі иман, ислам шарттарының астарлы тұстарын ашып, құлдың құлшылыққа деген ықыласын арттырды.

            Сол секілді фиқһ ғалымдарының ішінде Абдул Қадир әл-Жайлани және оның шәкірттері сопылықты діни тәрбие мектебі ретінде қалыптастырған. Осы орайда мектеп негізі Құран аяттарынан, хадистерге сүйеніп, шариғат шеңберінен ауытқымады. Бұған сол кездегі сопылыққа қарсы әрекет жасаған қазіргі уаһабизм ағымының ғалымдарының бірі – Ибн Таймия сопылықтың бұл түрін қолдағаны жайында әсіресе, олардың ғалымдары әл-Жайлани, Ахмад әр-Рафаағиді мұсылмандардың діни тәрбиешісі ретінде бағалағаны жөнінде дерек бар.[17]

            Сопылық жолдар және олардың таралған жерлері

Жолдың атауыШейхіҚайтыс болған  жылдары (Һижра бойынша)Таралған жерлері
Қадырия жолыШейх Абдул Қадир әл-Жайлани561 жСирия, Ирак, Шығыс Африка, Индия, Пәкістан, Мағриб араб мемлекеттері
Сағдия жолыШейх Сағду әд-Дин әл-Жабауи575жШам елдері
Рафағия жолыШейх Ахмад ибн Әли ар-Рафағи578 жСирия, Ирак, Батыс Азия, Индия, Пәкістан  
Ахмадия немесе Бадауия жолыШейх Ахмад әл Бадауи627жМысыр, Сирия, Ирак, Мағриб Араб мемлекеттері, Пәкістан, Индия
Акбария жолыШейх Мухи әд-Дин Араби638 жМысыр, Сирия, Мағриб арабы
Әәлу Бағулия ЖолыШейх Мухаммад ибн Әли Бағули653 жИемен, Индонезия, Шығыс Азия, Хижаз аймағы
Шәзилия жолыШейх Әби әл-Хасан Әш-Шазили656 жМысыр, Судан, Мағриб араб мемлекеттері, Иемен, Иордания, Индия, Пәкістан
Дәсуқия жолыШейх Ибраһим әд-Дәсуқи676 жМағриб араб мемлекеттері, Еуропаның біршама мемлекеттері
Қызылбастар жолыШейх Сафиюддин Исхақ әл-Ардбили730  жИрак, Ауғанстан, Иран, Түркия
Бакташия жолыШейх Мухаммад ибн Ибраһим Бакташ738 жИрак, Мысыр, Сирия, Түркия, Албания
Нақышпандия жолыМухаммад Биһауддин Шах Нақшпанд791 жОрталық Азия, Сирия

            Сопылар дінді шариғат, тариқат, ақиқат деп үш негізге бөледі. Уахабшылар бұл бөлуді діндегі адасқан бидғат деп санайды. Оған Исламда ешқандай дәлел-дәйектің жоқ екенін алға тартады. Сопылар дәлел ретінде «хадис Жәбрейлді» негізге алады. Бұл хадис атақты сахаба Омар ибн әл-Хаттабтан риуаят етіледі: “Бір күні біз Алла елшісінің (с.а.у) қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, бойында сапар ізі көрінбейтін және арамыздан оны ешқайсымыз танымайтын бір адам келді. Ол пайғамбарымыздың (с.а.у) тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, екі қолын сандарына қойып: “Әй, Мұхаммед! Маған Ислам туралы хабар берші”,-деді. Алла елшісі (с.а.у): “Ислам дегеніміз-Алладан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ екеніне әрі Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік етуің, намазды толық орындауың, зекет беруің, Рамазанда ораза ұстауың және жолына шамаң келсе үйге (Қағбаға) қажылық жасауың”,-деп жауап қайтарды. (Әлгі адам): “Сен рас айттың”,-деді. Ал біз оның сұрақ қойып, кейін растағанына таңқалыстық. Сонан соң ол: “Енді маған иман жайынан хабар берші”,-деді. Алла елшісі (с.а.с): “Иман дегеніміз-Аллаға, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне, ақырет күніне иман келтіруің және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің”,-деді. Ол тағы да: “Сен рас айттың”-деді. Сонан соң: “Енді ихсан жайында хабар берші”,-деді. Ол кісі (с.а.с): “Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық жасауың. Егер сен оны көріп тұрмасаң да ол сені көріп тұр”,-деді. Әлгі адам: “Енді маған (Қиямет) сағаты жайында хабар берші”,-деді. Сонда (пайғамбар с.а.с): “Сұралушы сұраушыдан артық білмейді ол жайын”,-деді. Әлгі адам: “Онда маған оның белгілерінен хабар берші”,-деп еді, ол кісі: “Күң өзінің ханшайымын туады және жалаңаяқ-жалаңбас қой соңындағы кедейлер биік үйлер салуда жарысатынын көресің”,-деді. Содан соң әлгі адам кетіп қалды. Мен біраз уақыт өткіздім. Сосын ол кісі маған: “Әй, Омар, сұраушының кім екенін білемісің”?-деді. Мен: “Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі”,-деп едім, ол кісі: “Ақиқатында, бұл-Жәбірейіл. Ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келді”,-деді.[18]

            Олардың ойынша жоғарыдағы хадисте дін тармақтары жайында баяндалған:

  • Ислам – ол амал арқылы жүзеге асатын құлшылықтың түрі. Ғұламалар арасында оны шариғат деп атайды. Мұны зерттеу ісімен фиқһ ғалымдары айналысады.
  • Иман – ол жүрекпен сенім арқылы Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға иман келтіру. Бұл саламен ақида ғалымдары айналысады.
  • Ихсан – ол руханият тарапы. Бұл: Алла тағаланы көріп тұрғандай құлшылық ету, тіпті сен Оны көре алмасаң да Ол сені әрдайым көріп тұрады. Бұл саланы сопылар ақиқат деп атайды. Өйткені олардың негізгі зерттеу саласы да осы.

Сопылықтың бұл деңгейіне жету үшін (шариғаттан ақиқатқа) олардың айтуынша тариқат қажет яғни сол деңгейге апаратын жол. Ол дегеніміз нәпсімен күресу, іштегі кемшіліктерден ада болып, жоғарғы мақамдарға жету үшін ізгі адамдармен сұхбаттас болу. Тариқат шариғаттан ақиқатқа жету үшін салынған көпір іспеттес. Бұл мәселе түсінікті болу үшін намазды мысалға келтіріп көрейік. Намаздың әрекеттерін үйреніп, сыртқы-ішкі парыздарының дұрыс болу шарттарына мән беру, фиқһ ғалымдарының бекіткен ережелерімен амал жасау шариғат тарапын қамтиды, ол намаздың сыртқы құрылысы, денесі. Дене рухқа мұқтаж болған секілді намаз да ізгілікті, қорқынышты қажет етеді. Рухсыз дене болмайтындай, қорқынышсыз, тақуалықсыз намаздың маңыздылығы аз. Шариғат олардың пайымынша негіз, тариқат тәсіл, ақиқат ол – жеміс. Бұл үш нәрсе бір-бірін толықтырушы, тығыз байланысқан негіздер. Сопылардың атақты қағидасына сәйкес: «Ақиқат (сопылардың түсінігіндегі) шариғатқа қарама-қайшы келсе, ол зындық[19] жолда болғаны.

Шейх Ахмад Заруқ: «Сопылық фиқсыз болмайды, өйткені Алланың үкімдері тек фиқһ арқылы ғана білінеді. Сол сияқты фиқһ сопылықсыз болмайды, өйткені Аллаға деген шынайы бетбұрыс болмайды және бұл екеуі имансыз жүзеге аспайды. Сол себепті үш негіз қосылған кезде ғана дұрыс болады. Рухсыз дене жоқ секілді денесіз рух та жоқ.[20]

Имам Мәлик ибн Анас: «Кімде-кім сопылық жолды ұстанып, фиқһ ілімін игермесе, зындық[21] болады,  кімде-кім фиқһ ілімі жолына түсіп, сопылық жолын ұстанбаса пасық болғаны. Кімде-кім екеуін жинаса ғана мақсатына жетеді», деген.

Имам Ғазали: «Сопылық жолдың Алла разылығына бөленуде ең негізгі жол екеніне анық көз жеткіздім. Олардың өмір жолдары, мінездері ең таңдаулы әрі өнегелі. Шариғат сырларына қанық ислами мінез-құлықты таныған адамдар олардың бойларынан мін табуы қиын. Ішкі сыртқы көріністері пайғамбарымыздың (с.а.у) нұрынан нәр алғандай», деген.[22]

Имам ән-Науауи: «Рисалату әл-Мақасид» кітабында: Тасаууф жолының негізі бесеу: Алладан құпия, жасырын күйде қорқу, әрекетте, сөзде пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннетімен жүру, салихалы мінезге ие болу, азға, көпке Аллаға қанағат қылу, қиыншылықта, молшылықта Аллаға шүкіршілік айту».[23]

Ибн Таймия: «Шын мәнінде сопылық ол сыншылдардың сипаттарынан. Ол тақуалықпен, Аллаға құлшылықпен ерекшеленген жандардан» деген, кітаптың басқа бір жерінде «Құран мен хадисті ұстанғандар» деп сипаттаған[24].

Жәләлуддин әс-Суютый: Шын мәнінде тасаууф ілімі – шарапатты ілімдерден. Оның шеңбері сүннетпен жүру, бидғатты тастау. Соңғы уақытта кейбір топтар өздерін сопылар деп атағанмен, шын мәнінде олардан емес.[25]

Қазіргі кезде қоғамымызда өздерін сопы санаған кейбір топтар пайда болуда, олардың негізгі көтерген мәселелері: «кім тариқатқа қосылмаса адасады, шайтанның жолына түседі, діннен шығады, пірге қол бермесе болмайды, пірсіздің пірі – шайтан, пәленше пірге қол беріп мурид болыпты, пірге қол беріп, тариқатқа кірген адам зікір салса болғаны, қаза намаздарын, тіпті парыз намаздарын да оқымай-ақ жәннатқа бара береді, ілім үйрену харам, өйткені ілімді адам тәкәппарланып кетеді, пірдің айтқаны шариғат» деген әңгімелерді жиі айтады. Осындай топтардың аузынан жиі естілетін сөз, қазақтың ақын, би шешендері, соның ішінде Абай, Шәкәрім, Бұхар жырау – түгелі сопылар болған. Қазіргі көп сопылардың халi осындай! Алайда, шынайы сопының бойында екі негіз болуы тиіс:

Бірінші: Мінез-құлық. Шынайы сопының бойында исламда мадақталған барлық жақсы сипаттар болуы қажет. Бұл құлдың Раббысына, қоғамға, өзіне деген құрметі.

Екінші: Амал. Амал тұрғысында Құран мен сүннетке жүгінеді, егер қайшы әрекет жасалса, шынайы сопылық шеңберіне кірмейді. Осы тұрғыда Имам әл-Жунайд: Егер кім Құранға, хадиске, фиқһ іліміне жүгінбесе оған ермеңдер» деген.

Қорыта келе, сопылық  адамды рухани тұрғыда өрлеуге апаратын тәрбие мектебі. Атақты табиғин Хасан Басридің дәуірінде пайда болған бұл жол ислам ілімінде көптеген ғалымдарды дүниеге әкелді. Исламның Орта Азияда, Индия, әсіресе Африка құрлығына таралуына үлкен үлесін қосты. Әрине, бұл қазіргі кездегі неше алуан сопылық жолдардан алыс, өйткені шынайы сопылық ілімге сүйенеді. Әубәкір Кердері атамыз бұл турасында: 

Сопылық жолы ауыр жол, 
Ұстап көрсең тәуір жол, 
Сопылықты ұстансаң, 
Оқыған көп ғалым бол,
– деп, сопылықтың ілімсіз болмайтынын шегелеп айтып кеткен.

Алла, елімізді ілімсіз дін жаюшы сопылардың бүлігінен сақта!


[1] Бұхари хадистер жинағы, №49

[2] Сопылық жолының басқаша атауы

[3] Муғжам әл-уасит                                                                                                  

[4] «Рисаләт әл-Қушайрия, 7-бет

[5] Ахмад Заруқтың «Қауағид әт-тасаууф» кітабының 2-беті.

[6] Доктор Мухаммад Жамил Ғазидің «әс-Суфия әл-уаджһу әл-Ахар» кітабының 47-беті

[7] Мустафа әл-Маданидің «ән-Нусра ән-Набауия» кітабының 22- беті.

[8] Хадид Сақардың «Нуру әт-Тахқиқ» кітабының 93-беті.

[9] Ахмад ибн Ажиба әл-Хуснидің «Миғраж әт-ташаууф илә хақааиқи ат-тассауф» 4-бет.

[10] Абдул Қадыр Исаның «Хақаиқ ан Тасаууф» кітабының 30-беті

[11] Пайғамбарымыздың (с.а.у) сахабаларын көргендер және оларға ергендер.

[12] Табиғиндердің дәуірінен кейінгі келетін дәуір ғалымдары

[13] Хажи Халифаның «Кашфу аззунун ан Асмаа әл-кутуб уа әл-фунун» кітабының 1-томы, 414 -бет

[14] Мухаммад Садиқ әл-Ғаммаридің «Әл-интисар литариқ әс-суфия» кітабының 17-18 беттер.

[15] Доктор Ахмад Алуштың «тасаууф мин әл-уажһати әт-тарихия» кітабшасынан

[16] Тасаууф ғылымындағы атақты кітаптар

[17] Ибн Таймияның «Фатауа кубра» кітабының 10-томы, 516-517 беттер.

[18] Муслим, 8; Әбу Дәуд, 4695; Тирмизи, 2610; Насаи, 4990; Ибн Мәжәһ, 63

[19] Діндегі екіжүзділік, мұсылман болып көрініп, күпірлікті жасыру

[20] Ахмад Заруқтың «Қауағид тасаууф» кітабының үшінші қағидасы, 3-бет

[21] Өзін мұсылман ретінде көрсетіп, күпірлігін іштей жасыратын адам

[22] Имам Ғазалидің «әл-Мунқиз мин ад-далал» кітабының 131-бет.

[23] Мақасид әл-Имам ән-Науауи фи әт-Таухид уә әл-ғибада уә усулу әт-тасаууф 20-бет

[24] Ибн Таймияның «Фатауа кубра» кітабының 12-том, 36-бет.

[25] Жәләлуддин Суютыйдың «Таиид хақиқату әл-Улия» 57-бет

«DINTELLECT» САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі, «Қызылжар»  орталық мешітінің ұйымдастыруымен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «DINTELLECT» интеллектуалды білім сайысы өтті. Өңіріміздегі мешіт қызметкерлері қатысқан білім додасында Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға  сәттілік тіледі. Білім сайысына 3 топ қатысып, жалпы эрудицияға, ислам тарихына, пайғамбарлар және сахабалар өміріне, Қазақстан және әлем тарихына, салт-дәстүрге және әдебиетке негізделген түрлі форматтағы сұрақтардан тұратын  5 кезең бойынша сынға түсті. Сайыс нәтижесінде белсенді қатысқан және жоғары ұпайға ие болған имамдарға алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ

Солтүстік Қазақстан облыстық орталық «Қызылжар» мешітінде аудан имамдарының жылды қорытындылау жиналысы өтті.

Облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлының жетекшілігімен өткен шарада қала және аудан бас имамдары жылдық жұмыстардың есебін беріп, слайд, кітапша ұсынып, баяндама жасады.

Хамзат Қажымұратұлы имамдық қызметтің маңыздылығы, міндеті мен мақсаты, жауапкершілігі жайлы айтты. 

Имамдар ҚМДБ бекіткен 5 бағыт бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, баяндама жасады. Қала, аудан мешіттерінің жұмыстары  уағыз-насихат жұмыстары, оқу-ағарту ісі, әлеуметтік желімен жұмыс, қайырымдылық бағытта, діни оңалту жұмыстары бойынша бағаланды.

Мешіт қызметкерлері өздері жауапты бағыттар бойынша аудан мешіттері жұмысының жақсы және әлсіз тұстарын атап, басымдық беріп, жұмыс жасауға қажетті тұстарын атады.

Барлық дін мамандарына алғыс айтылып, алдағы жылда да дін үшін, халық үшін игі істерге мұрындық болып, белсенділіктен таймай қызмет ету жөнінде ұсыныстар айтылды .

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

2024 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ БЕКІТІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

muftyat.kz

ТӨРТІНШІ ХАДИС

АТА-АНАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫ

رِضا الرَّبِّ في رِضَا الْوالِدِ

(Ридааур рабби фи ридаауль уәәлиди)

Хадистің аудармасы: Раббыңның разылығы – ата-ананың разылығында

(Тирмизи хадистер жинағы)

Түсіндірмесі: Адам үшін Пайғамбардан кейін ең жақын адам ол адамның ата-анасы. Бұл қымбатты жандарды Алла Тағала аяттарда дәріптеген. Демек оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Бұл туралы Құран Кәрімде «Ниса» сүресі, 36-аятында: «Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды, әке-шешеңізге жақсы қарауды бұйырды. Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып, былай деп дұға жаса: «Уа, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр!» деген.

Мұсылман құлдың оқыған намазы, отыз күн бойы ұстаған оразасы, берген зекет-садақасы, жасаған қажылығының берекесі мен сауабы ата-анаға жақсы қараумен артып кемиді. Жоғарыдағы аятта да тек Өзіне құлшылық қылуды әмір етті және әке-шешеге жақсы қарауды бұйырды. Бұл аяттан түсінеріміз Аллаға иман еткен, жалғыз Оған ғана құлшылық қылған адам ата-анасына міндетті түрде жақсылық жасайды, өйткені Алланың разылығы – ата-ананың разылығында.  Бұл әрбір мұсылман үшін бұлжымас қағида.

КҮЗЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған Күзет басқармасының қызметкерлерімен «ТОЛЫҚ АДАМ» концепциясы  бойынша жиын өтті.

Оған «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысып, Абай ілімінің негізінде қолға алынған «Толық адам» концепциясының мән-мағынасын ашып көрсетті.  Қазіргі қоғам, уақыт, шындығы керек, адамдар арасындағы мейірбан­дық­тың азайып бара жатқан кезі болып көрінеді. Байлық, ақша билеген заманның қаншалықты қатыгезденіп бара жатқанын бүгінде көкірегінде сәулесі бар әр адам сезінеді. Әсіресе, күні кешеге дейін коммунистік идео­ло­гияның құрсауында болып, кенеттен мол байлықты иеленіп шыға келген қоғамның бір бөлігі қазіргі уақытта өздерін жер бетіндегі құдай санайды. Ал халықтың көп бөлігі тақыр кедейленіп барады. Қоғамдағы үлкен қайшылық та осыдан туындап жатуы мүмкін. Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қалдырған өсиеті бәрімізді мейрімділікке, бауырмалдыққа шақырады. Сол себепті Абайды оқу, оның ілімін өзіңнің ішкі жан дүниеңде қорыту, өмірде ұстанымға айналдыру –біздің басты парызымыз болмақ-деді.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз хатшысы

ҮШІНШІ ХАДИС

ИСЛАМДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ

الطُّهُورُ شَطْرُ الْإِيمانِ

(Ат-тухуру шатруль иимәән)

Хадистің аудармасы: Тазалық – иманның жартысы

(Муслим хадистер жинағы)

       Түсіндірмесі: Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Мұсылман адамды таза адам деп сипаттаймыз. Оның бойы да таза, ойы да таза. Таза адамды Алла да сүйеді әрі адамдар да жақсы көреді. 

Тазалық – үлкен, кіші, көзге көрінетін, көрінбейтін барлық нәжістерден арылу. Дәрет алу, ғұсыл құйыну және тәйәммум жасау сияқты намаз оқу үшін талап етілетін тазалық түрлері сыртқы тазалыққа жатады. Бұған қоса тазалық дегенде ішкі тазалықты да ескеру керек. Бұл – жан тазалығы, рухани тазалық. Негізі сыртқы тазалық ішкі тазалықтан туындайды. Мұны бабаларымыз «Жаны саудың тәні сау» деп түйіндеген. Раббымыз Құран Кәрімде Бақара сүресі, 222-аятында  былай дейді: «Алла көп тәубе еткендер мен жақсы тазаланғандарды сүйеді».

Тазалық сақтау адам үшін, адам денсаулығы үшін, түрлі аурулардың таралуы үшін өте қажет фактор. Мұны қазіргі ғылым да дәлелдеді. Ал біздің дініміз мұны он төрт ғасыр бұрын ғибадат деңгейіне көтеріп, оны иманның жартысы деп жариялаған болатын.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲