БЕСІНШІ ХАДИС

ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ ҮЗУ

لا يَدْخُلُ الجَنَّةَ قَاطِعٌ

(Лә йәдхулуль жәннәтә қааты’)

Хадистің аудармасы: (Туыстық) байланысты үзуші жәннатқа кірмейді

(Бұхари хадистер жинағы)

Түсіндірмесі:Алла Тағаланың осы дүниеде адам баласына берген сыйлықтарының бірі – бұл ағайын-туыстары. Жылағанда жұбататын, қиналғанда арқа сүйерің, қуанғанда қуанышыңды бөлісетін, өкпелесек назыңды көтеріп қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз  ғана. Ағайын-туыстық ақысын ойлайтын адам, әсіресе қиналған уақыттарында олардың қасынан бірінші болып табылуға тырысуы қажет. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» делінген аталы сөзден осыны түсінеміз. Туыс адам үшін жұмсалған қаражат шығын емес, қияметтік сауап саналады. Асыл дінімізде ағайын-туысқа жасалған жәрдемде екі садақаның сауабы бар. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Тирмизи хадистер жинағында келген хадисінде: «Кедейге садақа беру – садақа, ал туысқанға көмектесу болса екі сауап. (Бірі) садақаның, (ал екіншісі)  туысқандық қарым-қатынасты сақтаудың (сауабы)», – деген. Сондықтан бауырым туыстық қатынастың үзілуіне емес, жалғануына себеп бол!

Return to Top ▲Return to Top ▲