ТӨРТІНШІ ХАДИС

АТА-АНАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫ

رِضا الرَّبِّ في رِضَا الْوالِدِ

(Ридааур рабби фи ридаауль уәәлиди)

Хадистің аудармасы: Раббыңның разылығы – ата-ананың разылығында

(Тирмизи хадистер жинағы)

Түсіндірмесі: Адам үшін Пайғамбардан кейін ең жақын адам ол адамның ата-анасы. Бұл қымбатты жандарды Алла Тағала аяттарда дәріптеген. Демек оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Бұл туралы Құран Кәрімде «Ниса» сүресі, 36-аятында: «Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды, әке-шешеңізге жақсы қарауды бұйырды. Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып, былай деп дұға жаса: «Уа, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр!» деген.

Мұсылман құлдың оқыған намазы, отыз күн бойы ұстаған оразасы, берген зекет-садақасы, жасаған қажылығының берекесі мен сауабы ата-анаға жақсы қараумен артып кемиді. Жоғарыдағы аятта да тек Өзіне құлшылық қылуды әмір етті және әке-шешеге жақсы қарауды бұйырды. Бұл аяттан түсінеріміз Аллаға иман еткен, жалғыз Оған ғана құлшылық қылған адам ата-анасына міндетті түрде жақсылық жасайды, өйткені Алланың разылығы – ата-ананың разылығында.  Бұл әрбір мұсылман үшін бұлжымас қағида.

Return to Top ▲Return to Top ▲