ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ

Солтүстік Қазақстан облыстық орталық «Қызылжар» мешітінде аудан имамдарының жылды қорытындылау жиналысы өтті.

Облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлының жетекшілігімен өткен шарада қала және аудан бас имамдары жылдық жұмыстардың есебін беріп, слайд, кітапша ұсынып, баяндама жасады.

Хамзат Қажымұратұлы имамдық қызметтің маңыздылығы, міндеті мен мақсаты, жауапкершілігі жайлы айтты. 

Имамдар ҚМДБ бекіткен 5 бағыт бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, баяндама жасады. Қала, аудан мешіттерінің жұмыстары  уағыз-насихат жұмыстары, оқу-ағарту ісі, әлеуметтік желімен жұмыс, қайырымдылық бағытта, діни оңалту жұмыстары бойынша бағаланды.

Мешіт қызметкерлері өздері жауапты бағыттар бойынша аудан мешіттері жұмысының жақсы және әлсіз тұстарын атап, басымдық беріп, жұмыс жасауға қажетті тұстарын атады.

Барлық дін мамандарына алғыс айтылып, алдағы жылда да дін үшін, халық үшін игі істерге мұрындық болып, белсенділіктен таймай қызмет ету жөнінде ұсыныстар айтылды .

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲