«Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берушілердің қатарын көбейте түскен «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық бірлестігінің өкілдері биыл да оразада дастарқан жайды. Жиналған жамағат мешіттің үлкен асханасын толтырды. Олардың арасында өңір орталығында тұратын мұсылман диаспораларының өкілдері де болды. Ауызашар барысында шешен-ингуш, тәжік, ауған және курд диаспораларының жетекшілері татар-башқұрт бауырларға ақ тілектерін арнады. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі