Құрметті ардагерді құттықтады

«Қызылжар» орталық мешітінің қадірменді намазханы, есімі облысқа белгігі Сапура қажы Әміреқызы «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталады. Осы қуанышты оқиға «Қызылжар» орталық мешітінде атап өтілді. Онда қажы ананы алдымен ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы құттықтап, ақ тілегін білдіріп, себет толы райхан гүлдерін ұсынды. «Әйелдер-қыздар» секторының өкілі өлеңін арнаса, «Әжелер мектебінің» төрайымы Ырысжамал Әленова құттықтау лебізін білдірді.

Адал еңбегімен арманына қол жеткізген Сапура қажы өзінің өмір жолын тебірене ойына оратып, сөз соңында жиналған жамағатқа батасын берді.

dsc05727

dsc05737

dsc05749

dsc05755

dsc05758

dsc05767

dsc05786

dsc05788

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲