Тәртіп сақшылары ауызашар берді

Облыстық ішкі істер департаменті басшылығының ораза сайын ауызашар беруі әдеттегі көрініс. «Қызылжар» орталық мешітінің асханасында ғана емес, ауладағы екі киіз үйде де берілген биылғы ауызашарға жамағат көптеп келді. Әсіресе, ауызашарға шақырылған полиция ардагерлері қуана қауышты.        Ауызашарға жиналғандарды департамент ардагерлерінің жетекшісі Сұраған Көпеев бастаған полиция тарландарының бірнешеуі Рамазан айымен құттықтады. Ілтипатын білдірген басқалар да болды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы,  «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы рақым айы – Рамазан туралы уағыз айта келіп: «Ауыз аштырғанға ораза ұстаған кісінің сауабындай сауап жазылады», – деген хадисті атап көрсетті.

dsc05860

dsc05848

dsc05851

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲