ҚЫЗЫЛЖАРДА «ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАБАСПАНА БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған  мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.

Қызылжар орталық мешітінде өткен қадір түнінде Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  «Зекет және қайырымдылық қорының» жетекшісі Қасымхан Абдуллаұлы « Рамазан айының 30 күнінде -30 баспана» акциясы аясында 25 –ші баспананың кілтін мұқтаж отбасыға табыстады 

            Сондай-ақ жоғары оқу орындарында діни білім алып жүрген солтүстікқазақстандық шәкірттерге  «Қолдан-қолға» жобасы аясында 1 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Рамазан айына орай қуанышқа кенелген жандар демеуші, мұрындық болған азаматтарға ризашылық білдірді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲