СҚО// ҚЫЗЫЛЖАР ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚАДІР ТҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Мың айдан қасиетті Қадір түніне орай Қызылжар Орталық мешітінде ауызашар берілді.  Қарилар қатар тұрып арнайы құран хатым дұғасын жасады.

 Қадір түнінің қасиетін сезінуге мешітке ағылған жамағат қарасы көп болды. Бас имам Хамзат Қажымұратұлы  «Қадір түні – мың айдан да қадірлі» тақыбырында уағыз айтып, жиналған жамағатқа қасиетті түнді дәріптеді. Рамазан айы құран түсірілген ай екені барша мұсылманға мәлім. Соған орай барлық мешіттерде құран хатым оқуға аса мән беріледі. Жылдағы дәстүр бойынша биылғы жылы да Солтүстік Қазақстан облыстық мешітіне Түркия елінен арнайы қари келіп құран хатым оқыды. Бүгінгі өткен Қадір түнінде барлығы үш қаримен бірге құран хатым дұғасы жасалды.

Қасиетті қадір түнін ғибадатпен өткізуге жиналған жамағатқа Орталық мешітте сәресі беріліп, көпшілік мешітте ауыз бекітті. Сап түзеп таң намазы оқылып, жұртшылық мың айдан да қадірлі болған Қадір түнінің жақсылығы мен сауабын тілеп, тағы да ел тыныштығы үшін және су тасқынынан зардап шегіп жатқан халық үшін дұға жасады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲