ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНГЕНДЕРДІ ПЕТРОПАВЛ ӘУЕЖАЙЫНАН ҚАРСЫ АЛДЫ

Петропавл әуежайында республикалық Құран жарысының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Петропавл әуежайында Түркістанда өткен V республикалық Құран жарысында жүлделі орын иеленген шәкірттерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Зулфукарова Мумина мен Хадиршаева Зинира елге оралып, оларды ұстаздары, жақындары зор қуанышпен қарсы алды.

Айта кетейік, Зулфукарова Мумина 5 пара бойынша, ал Хадиршаева Зинира 10 пара бағыты бойынша бақ сынап, екеуі де республикалық жарыста II орын иеленген болатын.

Қарсы алу барысында шәкірттерге жылы лебіздер айтылып, олардың Құран іліміндегі жетістіктері жоғары бағаланды. Жиналған қауым жас қариларға алдағы уақытта да толағай табыс тілеп, білім жолындағы ізденістеріне сәттілік білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲