ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында мешіт ауласы күл-қоқыстан тазартылып, қураған жапырақтар мен бұталар сыртқа шығарылды.

Игі шараға өңірдің бас имамы Аян Болатұлы мен мешіт ұжымы бір кісідей атсалысты. Тазалық шарасы аясында күз мезгілінде жиналған қураған жапырақтар мен бұталар бір орынға үйілді. Жалпы аумақтың әр бөлігі ретке келтірілді.

Мешіт аумағын абаттандырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауды мақсат еткен шара алдағы уақытта жалғасын табады. Алда қыс күтіп тұр. Бұл мезгілге мешіт сақадай сай.

Return to Top ▲Return to Top ▲