Солтүстік Қазақстан облысында қайырымдылыққа негізделген игі іс жүзеге асты. Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті жаңа автокөлікпен толықты. Жергілікті кәсіпкерлер, дін жанашырлары мешітке JAC маркалы көлікті сыйға берді.
Көлік кілті өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлына табыс етілді. Бас имам өз сөзінде дін жанашырларына алғыс айтып, бұл көлік мешіттің күнделікті жұмысына және қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға үлкен көмек болатынын атап өтті.
Айта кету керек, мұндай сауапты істер қоғамда ізгілік құндылықтарын дәріптеп, ел ішіндегі ауызбіршілік пен жанашырлықты арттыра түседі.


