Петропавл қаласында халал талаптарына сай жұмыс жүргізіп, «QMDB HALAL» талаптарын орындаған CTR Chicken тамақтану желісінің бірқатар нысанына «Халал» куәліктері табысталды.
Атап айтқанда, төмендегі көшелерде орналасқан нүктелеріне куәліктер берілді: Интернациональная көшесі, 27, Интернациональная көшесі, 57А, City Mall СОО, Шоқан Уәлиханов көшесі, 56.
«QMDB HALAL» куәлігі – кәсіпорынның халал талаптарын сақтай отырып жұмыс жүргізетінін растайтын құжат. Кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуы мамандар тарапынан тұрақты бақылауда болады.

