НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ КЕНШІЛЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Сәтбаев қаласы маңындағы Анненский кенішінің шахтасына түсіп, кеншілермен кездесіп, насихат айтты.

«Ислам діні мұсылман баласын адал еңбек етіп, отбасын асырауға бұйырған. Еңбек еткен адам сауап алумен қатар қоғамда сый-құрметке бөленеді, сонымен қатар мұқтаж жандарға жәрдем беретін дәрежеге жетеді. Мұндайда қазақ халқы «Еңбегімен ер сыйлы» демей ме? Сіздер отбасы мен ел игілігі үшін еңбек етудің нағыз үлгісін көрсетіп келе жатқан жансыздар. Сіздер өз жанұяларыңыздың нәпақасын тауып қана қоймай, еліміздің экономикалық дамуына ерекше үлес қосып келесіздер. Алла Тағала жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін» деді.

Кездесуден кейін қасиетті Құран аяттары оқылып, Бас мүфти ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲