Өңірдің бас имамы Аян Болатұлы аудан имамдарымен бас қосып, діни бағыттағы жұмыстардың өзекті мәселелері мен алдағы жоспарларды талқылады.
Жиында дін қызметкерлеріне ихсан мен насихатқа басымдық беру, діни сауаттылықты арттыру, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру, дәстүрлі құндылықтар мен отбасы тәрбиесін дәріптеу, сондай-ақ жастар арасында дұрыс діни түсінікті қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар мешіттердің тазалығы мен көркемдігіне ерекше көңіл бөлу, ғибадат орындарына ұқыпты қарау, тазалықты тұрақты сақтау және мешіт аумағын жинақы ұстау қажеттігі ескертілді. Мешіт – жамағатқа рухани тәрбие беретін қасиетті орын болғандықтан, оның тазалығы мен тәртібі де назардан тыс қалмауы тиіс екені атап өтілді.
Бұдан бөлек, жат діни ағымдардың алдын алу, жастармен жүйелі жұмыс жүргізу, отбасы құндылықтарын насихаттау және халықтың діни сауатын көтеру бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Кездесу соңында белгіленген міндеттерді сапалы орындау, мешіт қызметін жүйелі ұйымдастыру және бекітілген жоспар аясындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.













