МӘУЛІТ — МАХАББАТ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК АЙЫ

Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жүректерге нұр, көңілдерге жылу сыйлаған рухани кеш өтті.

Кеш Алланың Кәләмімен ашылып, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерімен өріліп, ардақты Пайғамбарымыз ﷺ-ның өнегелі өмірінен сыр шерткен сұрақ-жауаптармен жалғасты.

Салауат айтудың артықшылықтары түсіндіріліп, бір ай бойы жалғасқан Мәуліт айына арналған рухани жарыстың нәтижесі жарияланды.

Кеш соңында бір ай бойы үзілмей жалғасқан салауат мәжілісіміздің хатым дұғасы жасалды.

Жүректерімізді Пайғамбарымыз ﷺ-ға деген махаббатқа толтырып, тілімізді салауаттан айырмасын!

Мәуліт — жүректің жаңғырар шағы.
Салауат — махаббаттың ең көркем үні.

Алла барша салауаттарымызды қабыл етсін!

Return to Top ▲Return to Top ▲