Білімсіз пәтуа беру адамды дүниеде де ақыретте де қор қылатын амал. Дана халқымыз «Торғай сойса да қасапшы сойсын» деп бекер айтпаған. Әсіресе қазіргі заманда көпшілік адамдардың назарының ортасында болғысы келеді, өзін білімді көрсеткісі келеді, бір сұраққа дереу жауап бермесем мені білімсіз деп ойлап қалады деген оймен оңды-солды пәтуә бергіш болып келеді.
Ал сахабалар секілді, ғалымдар секілді пәтуә берудің қаншамам ауыр іс екендігін, нендей жауапкершілік екенін түсінгенде бәлкім ауыздарын ашпай, «Білмеймін» деп қысқа жауап қайтарар ма еді!? Ал білімсіз пәтуә берудің жауапкершілігі мен ауыртпалығын түсіну үшін төмендегі хадистер мен ғалымдар сөзін білген жөн:
- Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) мынадай хадис жеткізген: «Пайғамбарымыз:(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Расында, Алла Тағала адамдардан ілімді лезде жоқ етпейді. Бәлкім, ғалымдардың жанын алумен жоғалады. Бірде-бір ғалым қалмаған кезде, адамдар сауатсыз басшылардың етегінен ұстайды. Сұрақтарын солардан сұрайды. Ал олар ілімсіз түрде пәтуә айтады. Нәтижесінде, олардың өздері де адасып, басқаларды да адастырады.
- Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын)жеткізген хадисте «Пайғамбарымыз :(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кімде-кім ілімсіз бола тұрып біреуге пәтуә айтса, оның күнәсін көтереді. Ал, кімде-кім өзінің бауырына, тура жол басқа жақта екенін біле тұра, мүлдем басқа бір жолға нұсқаса,шынында, оған қиянат етіпті» – депті.
- Жәбир (Алла оған разы болсын) : «Бір күні сапарға шығып едік. Арамыздан біріміздің басына тас тиіп басы жарылды. Жарақат алған кісі жүніп болды.(оған ғұсыл құйынуы уәжіп болды). Сонда ол серіктерінен: «Маған таяммум алуға бола ма?» деп сұрады. Олар: «Жанымызда шомылуға су бола тұрып, біз саған таяммум алуға рұқсат ете алмаймыз» – деді. Ол ғұсыл құйынды, сонан соң дүниеден озды. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдына келгенімізде бұл оқиға туралы оған хабар берілді. Сол кезде Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Оны өлтіріпті. Алла оларды өлтірсін! Егер білмесе, сұрамайды ма? Шынында, білімсіздіктің дерті сұрау» – деді. Оның таяммум алуы, жарасына шүберек байлап, үстінен сипап қоя салуы, сонан соң денесінің басқа жерін жууы жеткілікті еді» – деді.
- Аман Мұхамеджан, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы