М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНДА 500 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕШІТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жұмыс сапарымен М. Жұмабаев ауданында болды. Іс-сапар барысында өңірдің бас имамы аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда ғибадат үйінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаға сәйкес, мешіт 500 адамға арналған.Жауаптылардың айтуынша, жыл соңына дейін мешіттің қабырғалары толық көтеріліп, төбесі жабылады деп жоспарланып отыр. Ал қыс мезгілінде ішкі әрлеу және инженерлік жұмыстар жалғасады.

Аудан тұрғындары үшін маңызды рухани нысанға айналатын мешіттің ашылуы келесі жылға жоспарланған. Жаңа ғибадат үйі ел игілігіне берілген соң, тұрғындардың діни-рухани сұранысын өтеуге мүмкіндік жасайды.

Return to Top ▲Return to Top ▲