Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті мен қалалық «Қызылжар» мешітінде ақшам намазынан кейін фиқһ ілімі бойынша арнайы дәрістер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Танымдық сабақтарды облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлы жүргізуде.
Дәрістер барысында жамағатқа исламдағы құлшылық үкімдері, күнделікті өмірдегі шариғи мәселелер, дәрет пен намазға қатысты қағидалар, сондай-ақ фиқһ ғылымының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілуде. Сабақтар сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылардың діни білімін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі бастама мешіт жамағатының шариғи сауатын көтеріп, жастардың діни танымын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, дәріс соңында қатысушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында арнайы емтихан өткізу жоспарланған.
Мешіт ұжымы барша жамағатты фиқһ дәрістеріне белсенді қатысуға шақырады.
Өтетін орны: облыстық «Қызылжар» орталық мешіті, қалалық «Қызылжар» мешіті


