Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт мерекесі Ақжар ауданында өтті.
Атаулы шараға арнайы Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Жұмажанов қатысып жиналған жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтады және Пайғамбармыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі туралы уағыз айтты.
Сонымен бірге мешітке қолдау білдіріп, діни іс-шаралардың өтуіне атсалысып жүрген азаматтарға облыстық бас имам Хамзат Қажымұратұлының атынан Алғыс хат табыс етті.
Мәуліт мерекесінің ең маңызды бөлігі Пайғамбарымызға салауат айтылып, асыл дініміз бен Пайғамбармыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі насихатталды. Ғибратты шарада қайырымдылық істері жасалды. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туған айына арналып дастархан жайылып, дәм берілді.
Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі