СҚО///  ТАЙЫНША АУДАНЫНДА АҚ БАТА САЙЫСЫ ӨТТІ

Биылғы жылы Рамазан айымен тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы және «Ислам және Дәстүр құндылығы» аясында Тайынша аудандық мешітінде «Ақ бата» атты бата беру сайысы өтті. Сайысқа Тайынша ауданындағы мешіт жамағатынан іріктелген 10 -нан астам ақсақал қатысып, бата берумен қатар, діни білімдерін, салт-дәстүрге жетіктігін де сарапқа салды.

Қазылар алқасы ақсақалдардың бата беру шеберлігін, шешендігін бақылай отырып, үздігін анықтап, 1-ші орынға  Есенбай Мұхамметғалиды, 2-ші орынға Бимағамбетов Сәлімжанды, 3-ші орынға Молдағали Кенжеғараны лайық деп тапты. Жүлдегерлердің барлығы арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Шара соңында Тайынша мешітінің бас имамы Зиятбек Ахметұлының ұйымдастыруымен қатысушыларға ауызашар дастарханы жайылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲