«Тайынша қалалық мешіті»

353421_1381560457_200_133_0
     «Тайынша қалалық мешіті» Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласының Красноармейск көшесінде бой көтерген. 1997 жылға дейін қала «Красноармейск» деп аталған. Жергілікті халықтың өтініш-тілегі бойынша Алла үйі бұрынғы атауымен «Тайынша» деп аталды. Ауданда Кеңес одағы кезінде мешіт болған емес. 1994 жылы  қаладағы кітап дүкенінің ғимараты мұсылман қауымына берілді. Оның іші тарлық етіп, аудан әкімшілігіне жаңа мешіттің қажеттілігі жөнінде өтініш білдірілді. Оған құлақ асқан жергілікті билік қала орталығынан жер бөлгізді. 2000 жылдың наурызында құрылыс жұмысы басталып, желтоқсан айында ғибадатхана толық пайдалануға берілді. Ғимараттың іші жарық, кең.  Оған келуші мұсылман қауымының саны да көбеюде. Жерінің аумағы 0,42 га, ағаш егілген, көлемі 211,68 шаршы метр, 200 адамға арналған, биіктігі 5 метр, пішіні төртбұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған. Күмбезі  ортасында, биіктігі  5 метр, мұнарасы алдында, биіктігі 12 метр. Аумағында екі  автокөлік тұрағы бар.

Return to Top ▲Return to Top ▲