СҚО/ МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ

Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің өкілдері “Зекет” қайырымдылық қорымен бірлесіп “Мектепке жол” акциясын өткізді. ҚМДБ жанындағы “Зекет” қоры жыл сайын “Мектепке жол”акциясын өткізеді.

2023-24 жаңа оқу жылына орай дәстүрлі шара “Қызылжар” орталық мешітінде өтті. Қайырымдылық сомасы-2 млн теңге сомасында болып, оған 200 балаға арналған киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуға жұмсалды.   Көмекке мұқтаж адамдар мешітке келіп, өтініш қалдыра алады. “Қызылжар” облыстық орталық мешіті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесетінін хабарлаймыз.

“Қызылжар” облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲