Мағжан Жұмабаевпен Аққайын аудандарында жаңа Бас имамдар тағайындалды.

Ү.ж 18-қазанында қасиетті жұма күнінде өңіріміздегі екі ауданда жаңа Бас имамдар тағайындалды. М.Жұмабаев ауданы «Береке» мешітіне осы уақытқа дейін СҚО «Қызылжар» орталық  мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген Сайдалин Айбек  Оразымбет ұлы тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының бұйрығын «Қызылжар» қалалық мешітінің Бас имамы Исаев Қасымхан Абдолла ұлы оқып, жамағатпенен жаңа бас имамды таныстырды.

Аталмыш ауданның Бас имамдық қызметін атқарып келген  Шимпаев Жеңіс Оралұлы алдағы уақытта  осы мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратын болды.

Осыған ұқсас Аққайын ауданына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалды ұлының бұйрығымен Бас имамдық қызметіне Байдуллаев Ерсұлтан тағайындалды. СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Алыпқашев Аян Болатұлы жаңа бас имамды жамағатпен таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲