Қарттарға құрмет көрсетілді

ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруменен Петропавл қаласының мешіттерінде халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар біздің қазынамыз», «Кәрінің бары – игі» атты мерекелік шаралар өткізілді.

Жиналған ақ сақалды аталармен ақ жаулықты аналарға арнайы дастархандар жайылып, сыйлықтар таратылды. Кеш барысында арнайы дайындалған өлең шумақтары, термелер оқылып, қарияларымызға алғыс сөздер айтылды.

Дін қызметкерлерінің ықылас-ілтипатына риза болған қонақтар берекелі мерекенің жоғары деңгейде аталып өтуіне үлес қосқан қала мешіттерінің имамдарына алғыс білдіріп, ақ баталарын берді

Return to Top ▲Return to Top ▲