ЖАНТ мүшесі «Дін Мұхаммет» мешітінде

Ү.ж 18-қазанында, қасиетті жұма күнінде жергілікті ақпарат насихат тобының кезекті сапарында ЖАНТ мүшесі, СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мирзаев Мухаммадзахир Петропавл қалалық «Дін Мұхаммед» мешітінің жамағатыменен кездесті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Тақуалық» тақырыбында уағыз айтылып, жамағаттың көкейтесті сұрақтарына жауап берілді. Кездесудің соңында мешіт жамағаты алғыстарын білдіріп, ақсақалдары баталарын берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲