Үлкен сауаптан үміт мол

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с): «Рамазан айында ауызы берік адамға су беріп, ауыз аштырған адам анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады», – деген екен. Шынында да, ауызашар берудің сауабы орасан зор. Ораза сайын осындай сауапқа кенеліп жүрген азаматтар аз емес. Жексенбі күні Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Ноғайбай» шаруа қожалығының жетекшісі Алтынбек Сапаров бастаған бірнеше кәсіпкер «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді. Мешіттің үлкен асханасы мен екі киіз үйде берілген ауызашарға 300-дей адам жиналды. Облыстың құрметті азаматы Құдайберген Қалиев жүргізген ауызашарда бір-бір ауылдың түтіндерін тік ұшырған кәсіпкерлердің сауапты ісі атап көрсетілді. Мәселен, Зейнолла қажы Олжабаев ақ тілегін айтты. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ораза парызының қыр-сыры хақында уағыз айтты.

dsc05880

dsc05887

dsc05892

dsc05868

 dsc05881

dsc05871

dsc05879

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲