ҚР Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысы қызылжар өңірінің ахуалымен танысты

Ағымдағы жылдың  24 қазан күні ҚР Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысы Әзілханов Марат Алмасұлы қызылжар өңіріне арнайы іссапармен келіп, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітіне ат басын тіреді. Бас имамның уақытша міндетін атқарушысы және мешіт алқа мүшелерімен кездесу өткізіп,  өңірдегі діни ахуалмен танысты. Кездесуде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жоспарланған бағдарламалар талқыланды. Сондай-ақ  М.А.Әзілханов қала, аудан имамдарымен өткізіліп жатқан жиналысқа қатысып, имамадар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беруімен қатар имамдарды әрдайым бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Дін қызметкерлерінің халықпен күнделікті араласып, жастарымыздың тәрбиесіне, еліміздің бейбіт өмір сүруіне үлкен үлес қосып жатқандығын айтып, алғысын білдірді.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲