«Халал Даму» мекемесінің технологы Нұрбек Қанатұлы мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті өкілі Мақсат Аманжолұлы Петропавл қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын сақтау деңгейі, өндірістік үдерістердің жүргізілуі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалардың халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты сараланды.
Бақылау-қадағалау шаралары «CTR CHICKEN», «Compote», «Нургужинов» ЖК, «ERKE QUS» және «Elit Doner Kebab» кәсіпорындарын қамтыды.
Аудиттің негізгі мақсаты – тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халал өндіріс талаптарының тұрақты сақталуын бақылау. Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорындарға тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарының орындалуы қадағаланады.



