Балалар шаттығы

Аллаһ тағаланың мұсылмандарға Құрбан айт мерекесін берудің бірден-бір себебі – мұқтаж жандарға көмек көрсету, қамқорлық жасау. Осы қағиданы ескере отырып, «Қызылжар» орталық мешіті өңіріміздің құрметті азаматшалары Сәуле апай, Нурия апайлар бірлесе отырып, қаламыздың жетім-жесірлерге, мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің балаларына арнайы мерекелік дастархан жайып, ас берді. Балалар дән риза болып, өздерінің алғыстарын айтып жеткізді.

ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі,  «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Қайыргелді Руслан келген балаларға мешіттің ішін аралап, Құрбан айт мерекесінің мәні мен маңызы жайында түсіндіріп, сондай-ақ асыл дініміздің шарттарымен таныстырып, уағыз-насихат айтып, қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.«Жетім көрсең, жебей жүр» дегендей, ананың ыстық махаббаты мен қамқор әкенің шапағатынан мақрұм қалған балалардың бұл күні жүздерінен күлкі, көздерінен шаттық байқалды. Тәрбиешілері де балалардың қуаныштарына ортақтасып, мешіт ұжымына, алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Шараны «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Қайыргелді Руслан Құран аятымен аяқтап, ниет білдіріп келем деушілерге мешіт есігі әрдайым ашық екенін айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз хатшылығы

Return to Top ▲Return to Top ▲