«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен жыл сайынға дәстүр бойынша «Қарттар күніне» орай қайырымдылық дастарқан жайылды. Бұл жиын зейнеткерлікке шыққан әр түрлі сала мамандарының басын қосты. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қарт адамдарды айтулы мерекелерімен құттықтап, шағын сый-сияпат жасады. Ал, қарт адамадар тарапынан мешіттерде осындай жиі жасалып жатқан қайырымдылық іс-шараларға алғыстарын білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі