Шал ақын ауданындағы мәуліт

Үстіміздегі жылдың 28-ақпанында СҚО,  Шал ақын ауданы «Сейдахмет хазрет» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде адамзаттың асыл тәжі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның құрметіне арнап мәуліт мерекесі аталып өтілді.

Шараға облыстық «Қызылжар» мешітінің ұстазы Х.Әділбеков, аудан әкімі М.Омаров және жергілікті мұсылман жамағаты қатынасты. Мереке барысында діни фильм, арабша-қазақша Аллаһ елшісіне  салауаттар, діни жырлар оқылды. Кейін аудандық мешітте Х.Әділбеков жамағатқа  жұма намазының алдында уағыз айтты. Мереке одан әрі Мәулітке арналған қайырымдылық аспен жалғасын тапты.

Аудан имамы Ш.Шаймерденов сөйлеуші адамдарға сөз беріп, мерекені өткізуге қол ұшын берген адамдарға ризашылығын білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲