Қызылжар ауданында Мәуліт мерекесі өтті

Наурыз айының 1-інші жұлдызында облысымызға қарасты Қызылжар ауданының орталық мешітінде Мәулітке арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды. Игі шара Қызылжар ауданының мәдениет сарайында өтті. Кеш шымылдығы Құран аяттары мен әз пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) арналған салауаттармен ашылып, ауданның бас имамы Шәріпов Қадырбек жиылған қауымға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайлы баян етіп, мерекемен құттықтады. Кешке сондай-ақ ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітінен наиб имамы Қасымхан Исаев, аудан әкімі Еркебұлан Каменов арнайы қатысып, халықты мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Мәуліт мерекесіне арналған кеште шәкірт балалар діни өлеңдер мен әндер айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін оқыды. Домбыраның күмбірлеген үні мен орындалған жырлар халықтың көңілін бір серпіп алғандай. Халық риза болып, мерекені арнайы жайылған ақ дастархан басында жалғастырды.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

                                             баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲