Новоишимка ауылындағы Мәуліт мерекесі

Өңіріміздегі Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.)-ның туылған  күні – Мәуліт мерекесі өткізілді.

         Бұл шара шеңберінде «Мұхсин» мешітінің бас имамы Құрсақов Абылай Құрмашұлы мен Ғабит Мүсірепов ауданының бас имамы Байсембаев Сейфолла Жахияұлы «Жұманқожа» орталық аудандық мешітінде  жамағатқа тартымды уағыз-насихат айтты.

Игі шара барысында Аллаһ елшісі (с.а.у.)-ға салауат айтылып, діни өлеңдер оқылды.

Сонымен қатар, айтыскер ақындар да өздерінің өнерлерімен көпшілікті тамаша әсерге бөледі.

         «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲