Уағыз-насихат тобы Ғ.Мүсірепов ауданында

Жергілікті уағыз насихат тобы облысымызға қарасты Ғ.Мүсірепов ауданында болды. Аталмыш ауданға облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Аян Болатұлы мен Руслан Болатұлы қатысты. Ғ.Мүсірепов аудандық «Жұман қожа» мешітінің Бас имамы С.Бейсенбаевтың  ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Руслан Болатұлы жергілікті жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай үш бағыт бойынша жұмыс атқару жайын тілге тиек етті. Мешіт ақсақалдары өз пікірлерін білдіріп, аталмыш бағытта жемісті еңбек етуіне оң батасын берді. рррр

Ауданға қарасты мектеп түлектерінің қатысуымен мешітте уағыз насихат жұмыстары жүргізілді. Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Болатұлы Республикамыздағы медреселер мен университет туралы ойларымен бөлісті. «Ата-анаға құрмет» атты тақырыпта оқушылырға уағыз айтылып, түлектерге оң батасын берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲