Қайырымдылық – жақсы қасиет

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Қызылжар» орталық мешітінің және  облыстық қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен игі шара өткізілді.

Облыстық қажылар қауымдастығы төрағасы Берік қажы Мұқышевтың және жақсылыққа жаны құмар Ильяс Бекішевтің көрсеткен көмегінің арқасында өңіріміздің қарттар үйінің қариялары үшін мешіт асханасында ақ дастархан жайылып, ас берілді.

Астан кейін қариялар, қажылар мен мешіт ұжымы дәстүрлі ән өнерін дәріптеп жүрген өңіріміздің өнерлі жігіті, әнші Біржан Есжановтың Н. Погодин атындағы облыстық драма театрында өткен «Асыл мұра – әсем ән» атты жеке концертін тамашалады.

         Көңілдеріне қуаныш сыйлаған күн үшін қариялар өз алғыстарын білдірді. Бұл игі шараға демеу болған азаматтар сияқты жүректері мейірім мен қамқорлыққа толы иманды жандар көп болса нұр үстіне нұр.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲