ТЕЛЕАРНАЛАРҒА СҰХБАТ БЕРДІ

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының діни істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы Тұрдыбаев теріскей өңіріне сапары барысында жергілікті телеарналардағы «Диалог», «Сұхбат» бағдарламаларына қатысты. Студия мейманына солтүстікқазақстандық имам- молдалардың сараптамадан өтуі, ұрпақ тәрбиесі, жат ағымдардың дүрбелеңі, тағы да басқа мәселелер төңірегінде сауалдар қойылды.
Камалжан Бекбосынұлы әңгіме барысында теріскейлік дін қызметкерлерінің білімі жақсы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта имамдардың шет елдерде білім алуы да жоспарланып отырғанын айтты. Тілшілер Камалжан Бекбосынұлынан елімізде жерлеу рәсімін бір жүйеге келтіру, ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» жылына орай алдағы күндерге арналған мақсат-мүдделері, дін қызметкерлерінің абырой-мәртебесін көтеруге бағытталған жоспарлары жөнінде естіп, білді.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲