ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕ МӘУЛІТ ӨТТІ

Екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!) туған айы – Мәуліт мерекесі теріскейде де жоғары дайындықпен аталып өтілді.Жылына бір мәрте келетін рухани мерекені тамашалау үшін солтүстік қазақстандықтар Н. Погодин атындағы орыс-драма театрына жиналды. Ауа райының суықтығы Мәуліт мерекесін көргісі келгендерге кедергі келтіре алмағанын айта кеткен жөн.

Рухани кешке жергілікті билік, облыс, қала, аудан мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, Ресей Федерацияның Сібір өңірі мүфтиі Бота Бақұлын Мәулітке жиналған жұртшылыққа ізгі тілектерін арнады.

Мұсылман жамағатының Мәуліт мерекесіне деген ынта-ықыласының жыл санап артып келе жатқаны биыл да аңғарылды.

Мәулітке келушілерді облыстың бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы құттықтап, адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт мерекесі тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтіліп жатқанын, мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда екенін айтып өтті.

Рухани кеште дін тұрғысындағы әндер мен жырларға кезектер берілді. Діни өлеңдер оқылып, термелер орындалды.  Мәуліт кешіне Қызылжарлықтарды құттықтау үшін арнайы келген атақты ақын Арман Бердалин «Жоқ іздеймін» термесін орындап, үлкендердің ықыласына бөленді.  Сондай-ақ Мәуліт мерекесінде викториналық сұрақтар қойылып, сахна төрінде орындалған  ән мен жыр рухани кештің әсерлі өтуіне септесті.

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртістері сахналық көрініс ұсынды. Ал мереке соңында Мәуліт қонақтарына «Қызылжар» орталық мешіті  дастарқан жайып, дәм берді.

DSC01564.jpg (640×360)

DSC01566.jpg (640×360)

DSC01568.jpg (640×360)

DSC01572.jpg (640×360)

DSC01577.jpg (640×360)

DSC01594.jpg (640×360)

DSC01603.jpg (640×360)

DSC01612.jpg (640×360)

DSC01620.jpg (640×360)

DSC01644.jpg (640×360)

DSC01650.jpg (640×360)

DSC01656.jpg (640×360)

DSC01663.jpg (640×360)

DSC01668.jpg (640×360)

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲