Мешітке жаңа кілем төселді

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен СҚО «Қызылжар» орталық  мешітіне Құрбан  айттың қарсаңында он екі жыл бойы Қызылжар жұртшылығы намаз оқыған кілем ауыстырылып жаңа кілем төселді. Аталмыш игі шараға өңіріміздің дінге жан ашыр игі жандары мен мешіт жамағаты өз үлесін қосты.

Арнайы тапсырыспен Түркия мемлекетінен әкелінген жаңа  кілем мешітіміздің ажарын ашып, ерекше өң берді әрі жамағаттың намаз оқуына да өте қолайлы.

Осы игі бастамаға қолдау жасап, қол ұшын берген барша мұсылман қауымына алғысымыз шексіз. Алла екі дүниенің жақсылығын бергей!

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

5-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f 5eacaabd-3eb2-45ba-977d-0bd857356898 2

Return to Top ▲Return to Top ▲