Ауданда жастармен кездесу өтті

Ақжар аудандық «Үлкен Қарой» мешітінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті. Аудандық кітапханада өткен бұл кездесуге аудандық жастар ұйымының мүшелері, ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясының мүшелері және мектеп мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында «Үлкен Қарой» мешітінің молдасы Каукей Нағашыбай Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен қозғады. Жиын соңында жиылғандар дін қызметкеріне өзерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲