«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл сайынғы тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының мешіттері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты іс-шаралар өткізіп келеді.  Бұл акция тамыз айының 1-інен басталған болатын.

Бүгін «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.  Онда  көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан 14 балаға мектепке керек-жарақтар табысталды. Ата-аналар мешіттердің осындай қайырымды іс шаралар жасап, оларды қолдап жүргендеріне ризашылықтарын білдірді.

dsc08041

dsc08051

dsc08058

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲