Құрбан айт мейрамына арналған жиналыс

«Қызылжар» орталық мешітінде Құрбан айт мейрамына арналған баспасөз маслихаты өткізілді.  Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Құрбан айт мейрамында өкілдік тарапынан атқарылатын шараларды атап өтті. Жыл сайынғы дәстүр бойынша облыс жастары арасында спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал мешіттің наиб имамы Мұхаммад-Құтб Файзиев Құрбан айт жайында орыс тілінде баяндап берді.

Шара соңы журналистердің сауалдарымен тәмамдалды.

Биыл СҚО мешіттерінде Айт намазы 1-қыркүйек күні сағат таңғы 07.30-да оқылады.

dsc08013

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲