Сөзсіз ислам адамзатқа жіберілген соңғы кәміл дін. Бұл діннің рақымдылығының, әділдігінің аясында барлық жаратылыс орнын тапқан. Бұл орайда адамзаттың орны тым қымбат, соның ішінде әйел заты ерекше құрметке ие.
Ислам діні аясында Алла тағала ер адамға нені бұйырса әйел адамға да соны бұйырған. Әйелдерің жаратылысын ескере отырып оларға қатысты көптеген мәселелерде жеңілдіктер бар. Исламға дейінгі надандық заманында әйел адамның қоғамда мүлдем орны болмайтын, тіпті қыз бала дүниеге келсе, ол үшін сол күн қасірет күніне тең еді. Алла тағала Құран кәрімде ол жайында:
﴿ وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُمْ بِالْأُنْثَى ظَلَّ وَجْهُهُ مُسْوَدًّا وَهُوَ كَظِيمٌ * يَتَوَارَى مِنَ الْقَوْمِ مِنْ سُوءِ مَا بُشِّرَ بِهِ أَيُمْسِكُهُ عَلَى هُونٍ أَمْ يَدُسُّهُ فِي التُّرَابِ أَلَا سَاءَ مَا يَحْكُمُونَ ﴾
Егер, олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Ал, олар, нендей жаман үкім береді.[1]
Алла тағаланың әйел адамдарға деген ерекше құрметінің бірден бір көрінісі – «Әйелдер» деп аталатын сүренің түсуі, бұл сүреде әйелдерге қатысты көптеген мәселелердің қамтылуы. Әйел мен еркек арасында болатын келіспеушіліктерді шешуге орай Құранда былай деп баяндалады:
﴿ الرِّجَالُ قَوَّامُونَ عَلَى النِّسَاءِ بِمَا فَضَّلَ اللَّهُ بَعْضَهُمْ عَلَى بَعْضٍ وَبِمَا أَنْفَقُوا مِنْ أَمْوَالِهِمْ فَالصَّالِحَاتُ قَانِتَاتٌ حَافِظَاتٌ لِلْغَيْبِ بِمَا حَفِظَ اللَّهُ وَاللَّاتِي تَخَافُونَ نُشُوزَهُنَّ فَعِظُوهُنَّ وَاهْجُرُوهُنَّ فِي الْمَضَاجِعِ وَاضْرِبُوهُنَّ فَإِنْ أَطَعْنَكُمْ فَلَا تَبْغُوا عَلَيْهِنَّ سَبِيلًا إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيًّا كَبِيرًا ﴾ وَإِنْ خِفْتُمْ شِقَاقَ بَيْنِهِمَا فَابْعَثُوا حَكَمًا مِّنْ أَهْلِهِ وَحَكَمًا مِّنْ أَهْلِهَا إِن يُرِيدَا إِصْلَاحًا يُوَفِّقِ اللَّهُ بَيْنَهُمَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيمًا خَبِيرًا﴿٣٥﴾ [2].
Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі.(35) Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Алла да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Алла толық білуші, анық хабар алушы.[2]
Бұл аяттарда Алла тақуа, салихалы әйелдердің сипаттарын баяндай келе күйеуіне бой ұсынбай қарсы келген әйелдемен қандай қарым-қатынас жасау керектігін Алла тағала біздерген үйреткен. Әйел тарапына бас көтеру орын алған кезде ең алдымен жұбайы істің мән жайынан толық хабардар болып, кейін мәмілеге келуге шақырып, өтемей жүрген хақысы болса өтеп, ұнамай жүрген іс-әрекеттері болса оны түзеуі тиіс. Ақылды парасатты ер адам болса, өзінің қателіктерін мойындап, мәмілеге келу арқылы істі насырға шаптырмай осы жолы-ақ мәселені шешіп кетеді. Егер әйелдің күйеуіне бас көтеруі тоқтамай одан бетер үдей түссе, төсек ауыстырып, басқа бөлмеге жатуы тиіс. Бұл әрекеттен кейін ол өзінің жалғыздығын сезініп, ажарасқан жағдайдағы күнін көз алдына келтіріп, тез тәубесіне келуі мүмкін. Егер мұнымен тоқтамаса, ер адамға озбырлыққа бармай тәрбие және наразылық ниетінде қол жұмасауына болады. Құл жұмсауға қатысты пайғамбарымыз (с.а.у) озбырлыққа бармай, беттен ұруға аулақ болуға шақырады. Алайда пайғамбарымыз (с.а.у) ешуақытта әйел адамға қол жұмсап көрмеген. Ең соңғы қадам ол екі жақтан адамдар сайлап, екі жұпты мәмілеге келтіруге тырысу. Міне, қарап отырғанымыздай ислам дінінде ажырасудың өзі осындай сатылардан өтеді бұл әйелге деген ерекше мейірімділік. Дегенмен ер адаммен тұру мүмкін емес деңгейге жетсе, әйелдің жағдайын ескере отырып ажырасу құқығын берген.
Мирас мәселесінде ислам дінінде әйел адамға өте оңтайды тұстар жасалған.
Әйел адамның ер адамнан қарағанда көп мирасқа ие болатын кездері:
- Егер адам қайтыс болып, артында қызы және әкесі қалса, қызына жарты мирас нәсіп болса, әкесіне алтыдан бір бөлігіне иеленеді. Алла тағала Құран кәрімде:
﴿فَإِنْ كُنَّ نِسَاءً فَوْقَ اثْنَتَيْنِ فَلَهُنَّ ثُلُثَا مَا تَرَكَ وَإِنْ كَانَتْ وَاحِدَةً فَلَهَا النِّصْفُ وَلأَبَوَيْهِ لِكُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا السُّدُسُ مِمَّا تَرَكَ إِنْ كَانَ لَهُ وَلَدٌ﴾
Ал егер жалғыз қыз болса, онда жартысы оныкі. Өліктің баласы болса, әке-шешесіне қалған малдың алтыдан бірі тиеді.[3]
- Егер бір адам қайтыс болып, артында қызы және екі бауыры қалса, қызына жарты мирас қалған екі бауырына әрбіреуіне төрттен бір бөліктен нәсіп болады.
- Егер бір адам қайтыс болып, артында екі қызы және екі бауыры қалса, қыздары екіден асқандықтан, әрбіреуі үштен бір бөлікке иеленеді қалған үштен бір бөлігі екі бауырдың арасында бөліске салынады, сонда әрбіреуі алтыдан бір бөлшекке ие болады.
- Егер бір әйел қайтыс болса, артында қызы мен күйеуі қалса, қызы жарты мирасты иеленсе, күйеуі төрттен бірін иеленеді. Бұл тұста қызы әкесінен екі есе көп мирасқа қолы жетіп тұр.
Әйел адам мирас алып, ер адам мирас иеленбейтін кездер:
- Бір адам қайтыс болып, артында ұлы, қызы және екі бауыр қалса, ұлы мен қызы мирасқа иеленіп, мирасқор ер адам болғандықтан, туған бауырлар мираста қамтылмайды.
- Бір адам қайтыс болып, артында қыз, туған әпке, әкесі бір шешелері бөлек ағасы, туған бауырының баласы, әкелері бір шешелері бөлек ағасының баласы, әкесінің бауыры және оның бауыры болса, бұл жерде алғашқы екеуі барлық ер адамдарды мирас иеленуіне кедергі жасап, тек туған қызы мен туған әпкесі ғана иеленді. [4]
Жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы ислам шариғатындағы әйелдерге қатысты мирастың оңтайлы тұстарын байқауға болады. 19-ғасырда өмір сүрген француз ойшылы Гюстаф Лебон ислам дініндегі мирас мәселесі жайында былай дейді: «Құранда баян етілген мирас негіздері әділдікке, туралыққа үндейді, бұған қатысты Англия, Франция құқық жүйелерін салыстырғанда ислам діні мирас мәселесінде әйелдерге көптеген жеңілдіктер жасаған, бұның мысалын біздің заңдарымызда кездестіру мүмкін емес»[5].
Ислам дінінде әйелдің ана ретінде орны:
Ислам діні анаға ерекше орны берген. Құранның біршама аяттарында жалғыз Аллаға құлшылық қылумен ата-анаға жақсылық жасау сабақтасып келеді:
Алла тағала Құран кәрімде:
﴿ وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنْبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ …
Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар.[6]
Басқа бір аятта:
﴿ يَسْأَلُونَكَ مَاذَا يُنْفِقُونَ قُلْ مَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ خَيْرٍ فَلِلْوَالِدَيْنِ وَالأقْرَبِينَ وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. «Нендей қайыр сарып қылсаңдар; Әке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Қайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» де.[7]
Алла таға әйел адамның бала көтеру кезіндегі қиындықтарын, баланы дүниеге әкелген кездегі ауыртпашылықты былайша суреттейді:
﴿ وَوَصَّيْنَا الأنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ إِحْسَانًا حَمَلَتْهُ أُمُّهُ كُرْهًا وَوَضَعَتْهُ كُرْهًا وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلاثُونَ شَهْرًا حَتَّى إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةً قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَى وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: «Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын» деді.[8]
Ана жақсылығыңа ең лайықты адам:
جاء رجل إلى النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ فقال : يا رسول الله من أحق الناس بحسن صحابتي ؟ قال : «أمك » ، قال : ثم من ؟ قال : « أمك »، قال : ثم من ؟ قال :
« أمك » قال : ثم من ؟ قال : « أبوك »
Бірде бір адам пайғамбарымызға (с.а.у) келіп айтты: «Ей, Алланың елшісі адамдардың ішінде жақсылық жасауға лайық кім?» деді. Ол: «Анаң» деді. Сосын кім? деді. Ол: «Анаң» деді. Сосын кім? деді. Ол: «Анаң» деді. Сосын кім? дегенде ол: «Әкең» деді. [9]
Көріп отырғанымыздай анамызға бірінші кезекте жақсылық қылу ол мұсылманның асыл міндеті.
Исламда әйел адамға жұбай ретінде құрмет:
Әйел адамның әлсіз, жұмсақ болуы Алланың әйел адамның бойына берген ерекше қасиеті. Сол жұмсақтықты айналасындағы адамдарға күннің шуағы секілді дарытып, адамдардың бойына жылулықты сездіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің соңғы құтпасында әйелдерге қамқорлық жасау керектігін, олардың әлсіз жаратырыл екендігі жайында былай сипаттаған:
وَاسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ خَيْرًا، فإنهن خُلقنَ من ضِلَعٍ، وإنَّ أعوجَ شئٍ في الضلَع أعلاه، فإن ذهبت تقيمه كسرته، وإن تركته لم يزلْ أعوج، فاستوصوا بالنساء خيراً
«Әйелдерге жақсылық етуді өсиет етемін. Әйел баласы қабырғадан жаратылған. Қабырғаның қисығы ең жоғарғысы. Егер оны түзеймін десең сындырасың, ал өз жайына қалдырсаң қисық күйінде болады. Әйелдерге жақсылық жасауды өсиет етемін»[10].
Алла тағала тек әйел адамның бойынан көптеген міндеттерді түсірген:
- Әйел адам намаз, оразаны айлық етеккірі, нифас уақытында өтемейді.
- Әйел адам үшін үйге қажет азық-түлік, киім кешекпен қамтамасыз ету міндет емес ол ер адамның міндеті болып табылады.
- Әйел адам үшін жұма намазына, айт намаздарына бару міндет емес, үйінде оқыған намазы абзал болып табылады.
- Алла тағала әйел адамға мәһірді міндет қылды, ол өзінің жеке иелігіндегі зат болып қала бермек.
- Күйеуі қайтыс болған әйел адамға мирасты міндет қылды.
- Мұсылман үшін бірінші кезекте әкесіне емес анасына жақсылық қылуды бұйырды.
- Басшылық, үкім шығару, жазаны іске асыру істерін әйелдің әлсіздігін, мейірімділігін ескере отырып, оған міндеттемеді.
- Қасында жақын адамы болмаса әйел адам үшін қажылық жасау парыз емес.
- Хайыз кезінде талақ етуді харам етті.
- Нике қию барысында әйел адамның рұқсатын міндет қылды.
- Өзінің арын сақтап құрбан болған әйелді Алла шәһид дәрежесіне дейін көтерді.
Ежелден ата-бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақытта есінен шығармаған. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз – ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болары белгілі. Сондықтан иманы мен ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген, өйткені әйелді тәрбиелеу бүкіл бір қауымды тәрбиелегенмен бірдей. Әйел – шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Бірақ, бүгінгідей жалаңаштанып, езулерінен темекінің түтінін будақтатып, қаланың түнгі қонақтарына айналған аруларымызға қараған сәтте, бүкіл қазақ қыздарының болмысы өзгергендей болады.
Әлемдік бұқаралық ақпараттарыдың әсерінен қазіргі уақытта әйел адамға құрмет болып саналған нәрсе құрметсіздік болып, құрметсіз болған нәрсе құрметті болған заманда өмір сүрудеміз. Кез келген елдің абыройы болып саналған әйел ары аяқ асты тапталып, оның әсері бүгінгі ұрпаққа берілуде. Осының нәтижесінде қоғамдағы тепе-теңдікке сызат түсіп, арты орны толмас оқиғаларға апаруда. Әрине бұл жерде намыс пен жігерден жұрдай жігіттерді де айтып өтпесе болмайды бірақ ол бөлек әңгіме….
Қоғамның кері кеткені сондай оның зиянын, зарарын біле тұра сол күрмеуді шешудің орнына одан бетер күрмей түсуде. Оларға берілген дүрбі арқылы ақ – қара, қара ақ болып көрінуде. Алла һидаят беріп тура жолға түсіп, етек-жеңін қымтап, жыртқыш көздерден өздерін қорғаған санаулы қыз-келіншектеріміз қоғам алдында оғаш көрініп, бейне қатерлі ауруды жұқтырған науқастардай қоғамнан шектетілуде. Негізінде алып тұлғаларды дүниеге әкелетін болашақ Айғаным, Зере секілді алтын құрсақта әйелдер солар емес пе?! Бұл турасында Мұхамметжан ағамыздың мынандай өлең шумақтары бар:
Тектілік үлгісіндей Зере әжеміз,
Құнанбайды дәретсіз емізбеген.
Атаның бойындағы тазалықтан,
Абай туды тектілік негізбенен.
Ия, қазіргі қоғамның алдында әйел абыройы аяқ-астында астында қалуда. Әсілінде бір мұсылман қызының абыройы бүтін бір қауымның абыройы болмайынша ел ел болудан қалады.
Ілгеріде ислам үстем болған кезде мұсылмандар санасында бір мұсылман қызының ары түгел бір қауымның ары болып саналатын. Осы орайда мына оқиға еріксіз ойға келеді. Аббаситтердің дәуірінде Умурия деген кішкентай қалада (қазіргі Палестин жері) жиі соғыс оты тұтанып, византиялықтардың назарында болды, өйткені ол жер Византия мемлекеті мен Ислам халифатының шекарасы еді. Мұсылман мемлекетінің шекарасына жиі қол салған Византия мемлекетімен 838 жылы қасиетті рамазан айында ұлы соғыс болады. Бұл соғыста мұсылмандар Алланың жәрдемімен ұлы жеңіске жетеді. Алайда бұл соғыс не үшін болғанын әр адам біле бермейді. Ол былай басталған еді:
Византиялықтардың мұсылман жерлеріне жасаған шабуылдарының бірінде көптеген жазықсыз мұсылмандардың қандары судай ағып әйелдер тұтқындалып, құл базарларына сатылады. Сол құлдыққа айдалған әйелдердің бірі өзінің арын сақтаудың еш амалы қалмағасын бар даусымен сол маңдағы адамдарға естіртіп, « ия, Муғтасым қайдасың?» деп айқай салады. Бұны естіген визинтиялықтар күліп, сен қайдасың сенің Муғтасимің қайда сені қорғау үшін Бағдаттан Муғтасим келеді деп ойлайсың ба?» деп келеке етеді. Мұны бір мұсылман жігіт естіп дереу Бағдатқа мұсылмандар халифасына аттанады. Ол барлық жайтты айтып мұсылмандар қырылып, әйелдердің ары тапталып жатқанын жеткізеді. Мұны естіген Муғтасым қатты ашуланып Византия патшасына былай деп қысқа хат жазады:
Алланың атымен бастаймын…. Мұсылмандардың әміршісі Муғтасым Билләдан византиялықтардың итіне: «Қаладан дереу шығуларың керек, олай жасамаған жағдайда бейшара болған күйде шығасыңдар, басы Византиядан басталып, аяғы Бағдаттан аяқталатын әскер жіберемін» деді.
Сол соғыста мұсылмандар үлкен жеңіске жетіп, тұтқындағы мұсылман қызын босатып алған екен. «Бір қыздың абыройы бүтін бір қауымның абыройы» деген сөз осыдан болар. Егер қазіргі жігіттер дәл осылай әрбір мұсылман қызын қызғыштан қорғап, барынша қамқорлық жасаса, еліміз гүлденіп, дүниеде өмір сүру қауіпсіз болар еді. Алла қыздарымызды арлы, жігіттерімізді намысты қыла көр!
«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы
Хамзат Қажымұратұлы
[1] Нәхл сүресі, 58-59 аяттар
[2] Ниса сүресі, 34-35 аяттар.
[3] Нисә сүресі, 11-аят.
[4] Салахуддин Султанның «Мирасул мар а уә қадиятул мусауа» кітабыны 10-беті
[5] www.quranway.net
[6] Ниса сүресі, 36-аят.
[7] Бақара сүресі, 215-аят.
[8] Ахқаф сүресі, 15-аят.
[9] Бұхари, Мүслім хадистер жинағы.
[10] Бұхарихадистер жинағы