Қызылжарда футболдан жарыс өтті

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен  Петропавл қаласындағы «Виктория» стадионында футболдан жарыс өтті. Турнирге өңірімізден барлық жалпы 4 команда қатысты. Әр командада 9 ойыншы футбол ойнады, ал ойынды әділ төрешілер басқарды. Ойын барысында жастар белсенділік көрсетіп, жарыс өте қызықты өтті.

Жарысты 2 команда финалға шығып, Қызылжар командасы жеңіп шықты. Жеңімпаздарды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының атынан наиб имам Мұхаммад-Құтб Файзиев құттықтап, 1,2,3 орын алған командаларды диплом, медаль және кубокпен марапаттады.

img-20170929-wa0024

img-20170929-wa0002

img-20170929-wa0006

img-20170929-wa0008

img-20170929-wa0043

img-20170929-wa0011

      Жеңімпаз команда Астана қаласында жастар арасында өткізілетін «Ұлы Дала Жастары» атты Республикалық кіші футбол турниріне қатысады.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲