Айыртаудағы мәуліт

07- қаңтар күні СКО Айыртау ауданына қарасты Казанка ауылында мәуліт мерекесі аталып өтті. Аталмыш шараға «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков және «Мухсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрсақов қатысты. Мереке барысында ауылға жиналған жамағатқа уағыз-насихаттар айтылып, салауаттар оқылды.

Сондай-ақ жамағат арасында гір көтеру, арқан тартудан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

20150107_130709 20150107_125825 20150107_114504

Return to Top ▲Return to Top ▲